25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ғалым адамның тақуалығы жайлы бірер өсиет

Ғалым адамның тақуалығы жайлы бірер өсиет

Дін және ғылым
Жарнама

– Өзіңе өзге адамдардың жасап жүрген құлшылықтарынан артық құлшылық жасауға ғана разы бол! Себебі қарапайым адамдар өздері жасап жүрген құлшылықтан артық құлшылық жасайтыныңды көрмесе, оларда құлшылыққа құштарлығы аз деген ой қалыптасады. Сонымен қатар, өз сауатсыздықтарының пайдасы тимегені секілді, саған біліміңнің пайдасы тимейді деп сенеді.

– Адамдар арасында Алланы көп зікір ет. Адамдар сенен мұны үйренуі тиіс.

– Әрбір намаздан кейін өзіңің күнделікті айтатын зікірлер топтамаң болсын! Оның ішінде оқитын Құран аяттарың, Аллаға айтар зікірің, Алланың саған берген нығметтері мен сабырына деген шүкіршілігің болсын!

– Өзгелердің саған еліктеп ораза ұстаулары үшін әр айдың ішінде өзіңнің ораза ұстайтын таңдаулы күндерің болсын!

– Әрдайым өзіңді бақылауда ұстап, есепке тартып жүр!

– Алған біліміңнің дүние және ақыретте жемісін көремін десең, ешқашан жақсылықтан қол үзбе!

– Ешқашан өзің барып бір нәрсе сатып алма және сатушы да болма! Қолыңнан келсе осы істеріңді жасайтын сенімді қызметші жалдап ал. Сонда барлық ісіңді соған тапсыратын боласың.

– Мал-дүниеңе, жағдайыңның жақсы екендігіне сенуші болма! Өйткені, Алла Тағала оның барлығын сенен әлбетте сұрайтын болады.

– Өлімді әрдайым еске ал!

– Құран Кәрімді үзбей оқып жүр!

– Қасиетті жерлерді, үлкен ғалымдарды және қабірлерді көбірек зиярат ет!

– Дүниеге деген құштарлық пен сүйәспеншілігіңнің аз екендігін көрсете отырып, ішкі жан дүниеңнің бай екендігін танытып жүр!

– Әрдайым ешкімге мұқтаждығы жоқ, қанағатшыл екендігіңді елге байқатып жүр!

– Кедей болсаң да, оныңды елге сездірме!

– Талабың таудай болсын! Себебі, талабы кішірейген адамның мәртебесі де төмендей береді.

– Ғалымдар жалғандығын айтып, қадірсіз деп бағалаған дүниені жаның жаратпасын, суқаның сүймесін! Себебі Алла Тағаланың құзырындағы игілік – дүниеден қайырлы.

материал «Имам Ағзам тағылымы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: