25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бала тәрбиесіндегі медресенің орны

Бала тәрбиесіндегі медресенің орны

Дін және ғылым
Жарнама

Қазақ  даласындағы  медреселердің  пайда  болып, нақты  жұмыс  жасаған  тұсы  –  XIX  ғасырдың  соңы мен  XX  ғасырдың  басы.  Тұңғыш  этнограф  ғалым Ш.Уәлиханов,  алғашқы  ағартушы  Ы.Алтынсарин, хакім  Абай,  сонымен  қатар  А.Мұхамедиярұлы, Ә.Кердері,  Н.Наушабайұлы,  М.Жүсіп,  Ш.Жәңгірұлы, Ш.  Құдайбердіұлы,  М.Қалтайұлы,  т.б.  сынды тарихымыздағы көрнекті тұлғалар – сол медреселердің түлектері.

Бәрі медреседен тәлім алған. Бастапқы  кезде  мұсылман  медреселері  Орынбор, Омбы, Троицк, Ташкент, Бұқара, Түркістан сияқты ірі қалаларда ашылып, қазақ балалары осы оқу орындарында білім алды. Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде жаппай имандылыққа бетбұрыс басталды. Елімізде діни оқу орындары, жаңа заман талабына сай медреселер ашыла бастады. Олардағы оқыту үдерісі қазір бір жүйеге түсті деуге болады.

Қазіргі  кезде  Қазақстан  мұсылмандары  діни басқармасына  қарасты  2001  жылы  Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей қолдауымен елімізде жоғары білімді имамдар дайындайтын «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университеті ашылды. 2002 жылы іргетасы қаланған имамдардың білімін жетілдіретін республикалық Ислам институтының да орны бөлек. Сонымен қатар еліміздің ірі-ірі облыс, аудан орталықтары мен қалалары мешіттері жанындағы екі жылдық діни сауат ашу курстары мен арнайы орта кәсіптік діни білім беретін медреселер де жұмыс жасауда. Бұл Алла Тағаланың халқымызға берген баға жетпес үлкен нығметі деп білеміз. Сондықтан «Адамзатты махаббатпен жаратқан Алланы сүюге, Хақ жолы деп әділетті сүюге, бауырым деп адамзат тың бәрін сүюге» (Абай)  тәрбиелейтін,  тағылым  беретін,  білім  нәрін құйып, ғылым үйрететін медресе есігі талапты жасқа әрқашан ашық.

материал «Дін мен дәстүр» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: