27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Жұмақтағы орнын сатып алған адам

Ғибратнама
Жарнама

Бірде өте кедей кісі Мұса алейһиссаламға:

 

- Йа, Мұса, жылдар бойы ғибадат етудемін, бірақ кедейліктен өлуге шақпын. Маған мал-мүлік берсін деп Алла тағалаға дұға ет. Жағдайымды түзеп алайын, - дейді.

Мұса алейһиссалам Тур тауына барып, Алла тағаладан дұға етеді. Сонда Жаратушы «Ол құлымнан сұра! Байлықты дүниеде берейін бе, ақыретте ме?» дейді. Мұса алейһиссалам кедейге келіп сұрағанда ол байлықты дүниеде қалайтынын айтады. Мұса алейһиссалам: «Үш күндік дүниені қайтесің? Бір күні бәрін де тастап кетесің ғой. Сен ақыретте бай-дәулетті болуды сұра, ол жақ мәңгілік» деп кеңес береді. Сонда кедей: «Таңдау маған берілді, мен байлықты осы дүниеде қалаймын» деп бой бермейді. Жарлыға «Өзің білесің» деп Мұса алейһиссалам Тур тауына барып Аллаға «Йа, Раббым, Өзің білетініңдей ол құлың мал-мүлікті осы өмірде алғысы келеді» дейді. Алла тағала: «Қалауы сол болса, байлықты бұл дүниеде бердім» дейді.

 Дымы құрыған сол шарасыз аз уақыттың ішінде байып шыға келеді, ақшасы жұмсаған сайын көбейеді. Үнемі ақшасын жақсы нәрселерге шығындайтын. Қаншалықты көп берсе, дәулеті соншалықты арта береді. Мұқтаждарға көмектеседі, қарызға батқан адам болса, барып қарыздарын төлейді, жетімдерге қамқорлық жасайды, оларды қуантады. Үйі болмағандарға үй әпереді, бойдақтарға үйленуге көмектеседі. Өзіне ешнәрсе жаратпай, бар мүлкін өзгелерге таратады.

Уақыты келіп, ол адам да қайтыс болады. Сонда Мұса алейһиссалам түсінде ол адамның Жәннаттағы зәулім сарайлардың ішінде жүргенін көреді. Таңданып, мұның хикметін сұрайды: «Йа, Раббым! Бұл құлың байлықты дүниеде қалады, сен бердің. Ақыреттегі зәулім үйлерге қалай ие болды?»

Алла тағала былай дейді:

«Иә, ол дүниелік байлықты қалады, мен бердім. Бірақ бұл сарайларды сол байлығымен сатып алды. Менің берген ақшамды жұмақтағы осы жерлерге жұмсады. Ол дүниеде зәулім сарайлар сатып алмады. Оған берген бар мүмкіндіктерді менің разылығым үшін менің құлдарыма, менің сүйгендеріме таратты. Осылайша жәннат пен зәулім сарайларға қол жеткізді»

P.S: Ал сіз ақшаңызды барлық ризықты берген Алланың разылығы үшін жұмсап жүрсіз бе?

ummet.kz

 

Бөлісу: