26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Өкпені – құмға, қуанышты тасқа қашаған дос

Ғибратнама
Жарнама

Екі дос шөл далада келе жатыпты.

Бір кезде екеуі сөзге келіп қалады да, біреуі екіншісінің бетінен ұрып жібереді. Сонда досы бетінің ауырғанын сезсе де, үндемей, құмға: «Бүгін ең жақын досым мені бетімнен ұрды» деп жазып қояды. Олар әрі қарай жүріп келе жатып, жазира далаға тап болады. Далада өзен бар екен, екеуі өзенге түсіп шомылып жатқанда, әлгінде досынан таяқ жеген жігіт суға батып кетеді. Сол кезде досы оны құтқарып, жағаға арқалап алып шығады. Есін жиған соң, жігіт: «Бүгін ең жақын досым мені құтқарды» деп тасқа қашап жазады.

Алдымен бетінен ұрып, кейін досын құтқарған жігіт одан: «Сені ренжіткен кезімде құмға жазып едің, енді тасқа қашап жаздың, не үшін?» деп сұрайды.

Сонда досы: «Біреу бізді ренжіткен кезде ренішті жел шайып кету үшін құмға жазуымыз керек. Бірақ біреу бізге жақсылық жасағанда, оны ешқандай жел шая алмау үшін тасқа қашауға тиіспіз. Ренішті құмға, қуанышты тасқа жазып үйрен» деп жауап берген екен.

Бөлісу: