Бір кісі тақуалық жолдың дара тұлғасы Ибраһим ибн Әдһамға келіп: «Маған бір жақсы өсеиет айтыңызшы», - дейді. Сонда Ибраһим Әдһам әлгі өсиет сұрай келген адамға «Саған мынадай бес өсиетім бар» дей келіп, былай дейді:
- Біріншісі, адамдар дүние ісімен шұғылданып жатқанда, сен ақыретке пайда әкелер істермен айналыс.
- Екіншісі, адамдар сыртқы болмысын әсемдеп жатқанда, сен ішкі жан-дүниеңді көркемдеумен айналыс.
- Үшіншісі, адамдар зәулім сарайлар салып, әуре боп жатқанда, сен қабіріңді қамдап, оған деген дайындықпен айналыс (яғни, құлшылық-амалдар жасап.)
- Төртіншісі, адамдар өзгенің айыптарымен айналысып жатқанда, сен өзіңнің кемшілік-қателіктеріңмен айналыс.
- Бесіншісі, адамдар жаратылғандарға қызмет етіп жатқанда, сен жаратушы болған Аллаға (Жаратушының жолына) қызмет етумен айналыс.
«ummet.kz» рухани – ақпараттық порталы