25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Алла тағаланың Тәкуин (Жоқтан бар етуі) сипаты

Алла тағаланың Тәкуин (Жоқтан бар етуі) сипаты

Ақида
Жарнама

Тәкуин – жоқтан бар ету деген мағынаны білдіреді.

Шексіз құдірет иесі Алла Тағала тәкуин сипатымен қалаған нәрсесін жаратады, жоқтан бар етеді. Әлемде Алланың жаратуынсыз пайда болған ешбір нәрсе жоқ. Тәкуин сипаты – жарату, рызық беру, азап беру, тірілту, өлтіру, нығмет беру секілді т.б. сипаттарды қамтитын аса ауқымды ұғым болып табылады.

Тәкуин сипатының өзге сипаттардан айырмашылығы бар. Алла Тағала ілім сипатымен барлық нәрсені толық білсе, құдірет сипатымен мақлұқтардың бар болуы мен жоқ болуын қалап реттейді. Ал, ирада сипаты арқылы кез келген нәрсені қалайды. Ал осы қалаған нәрсені жарату тәкуин сипатымен жүзеге асады. Тәкуин сипатының көрінісі аятта былайша беріледі:

«Ол сондай Алла жер бетіндегі барлық нәрселерді сендер үшін жаратты» («Бақара» сүресі, 29-аят).

«Ол Алла әр нәрсенің жаратылысынкөркемдестірді. Адам баласын жаратуды балшықтан бастайды» («Сәжде» сүресі, 7-аят).

материал «Ислам ақидасы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: