25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жазмыш пен озмыш: екеуі бір сөз бе?

Жазмыш пен озмыш: екеуі бір сөз бе?

Ақида
Жарнама

Пенде тағдырдың мәнін дұрыс тәпсірлемей, өз пайымымен қорытынды шығарып, сылтауратып жауапкершіліктен құтыла алмайды. Мысалы: «Алла маңдайыма осылай жазған екен», - деп күнә істеу немесе: «Тағдырыма жазылған соң қолымнан келер шара жоқ», - деп өзін кінәсіз санау пенденің осы тақырыпқа қатысты білімінің таяздығынан.

Құранда Алла Тағала тағдырға тәуелді болуды емес, жасаған әрбір іс-әрекетке жауапты болуды бұйырады. Егер шынында да тағдырға бас иіп жүру дініміздегі бірінші кезектегі өте маңызды жайт болса, Алла Елшісі ол жөнінде ең болмағанда бір ғибратты хадис қалдырған болар еді. Пайғамбар (с.ғ.с) керісінше, ешқашан тағдырды сылтау етпеген. Өзінің бейкүнәлік ерекшелігінен хабардар бола тұра, өмірін күндіз-түні Алла Тағалаға ғибадат етіп, дұға жасаумен өткізген. Дәл сол секілді сахабалар өмірінен де тағдырға налып, құлшылығын тастаған, яки өзге де үмітсіздікке түскендері жайында ешбір мәлімет кездестірмейміз. Тіпті өмірінде жәннатпен сүйіншіленген бақытты сахабалар да тағдырды сылтауратып бейғам жатпаған.

Адамдардың бүкіл саналы іс-әрекеті мен тіршілігі Алланың тағдырға жазып қойғандығынан жүзеге асып жатпайды. Яғни, адам «тағдырым жазылып қойылған» дегенде, ең алдымен, өзінің қалау ниеті мен жүзеге асатын бүкіл әрекеті Аллаға әлімсақтан аян екенін санасында ұстауы керек. Пенде сонда ғана тағдырдың жазылып қоюы мен саналы тіршілік иесі ретінде пайым-парасатқа, ілім-білімге құрылған жоспарлардың арасында соншалықты бас-бұзарлықтар, бір-біріне тәуелді заңдылықтың жоқ екендігін бірден түсінеді.

материал «Ислам ақидасы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: