25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Зәйд ибн Харисаны азат етуі

Кәлб руынан Зәйд ибн Хариса есімді сегіз жасар бала анасымен еріп, нағашыларына қыдырып барған тұста ішкі шайқастар басталып кетіп, Зәйд адасып қалады. Дұшпандар қолына түсіп қалған ол құл болып кете барады. Ол кезде арабтарда құл сататын арнайы базарлар бар. Сондай базарлардың бірінен кішкентай Зәйдті Хазіреті Хадишаның жиені Хаким ибн Хишам төрт жүз дирхәмге саудалап, Меккеге алып келеді. Хазіреті Хадиша кішкентай Зәйдке жаны ашып өз үйіне әкеліп паналатады.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хазіреті Хадишамен үйленуі

Хазіреті Хадиша пайғамбарымызды бала күнінен танитын. Сауда керуеніне қосып, мал-мүлкін табыстаған күннен бастап жақыннан танып, біле бастады. Жесір Хадиша құрайыштың қыздары ішінде көргенді жердің қызы ретінде де, иба-ізетімен қатар мал-дәулетінің молдығымен де жоғары тұратын. Кез келген бойжеткенге арман болғанмен, нәсіп болмаған хас сұлулықтың иесі де еді.

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ ЕКІНШІ РЕТ ШАМ ЖОЛЫНДА

Меккенің күнкөріс көзі сауда болатын. Әбу Тәліп те өзге жерлестері сияқты ірі саудамен айналысуға шамасы келмегенмен, ұсақ-түйек сатып жан сақтайтын. Бірақ жоқшылық, құрғақшылық, ішкі тайталастардың салдары оны қаржылық жағынан тұралатты. Сауда керуеніне қосылуға да мүмкіндігі шектеулі еді. Қайткен күнде де бір амалын табу үшін Әбу Тәліп көп ойланды. Құрайыштар арасында өте дәулетті Хадиша есімді жесір әйел бар еді. Ол мал-мүлкін теңдеп, түйіп адам жалдап жыл сайынғы саудагерлерге қосып жіберетін. Биыл да сол керуенге қосылуға дайындалып жатқан.

«ХИЛФУЛ-ФУДУЛ» қоғамының құрылуы

Мұхаммед (с.ғ.с) жиырма жаста… Араб қоғамы әбден азған. Сәл нәрседен ұрыс-төбелес шығып, адам қанын ағызу шыбын өлтірген құрлы болмай қалған. Тайпа, ру арасындағы дұшпандық өрши түскен. Болмашы себептен басталған керісті ушықтырғандар небір хайуандық әрекеттерге барған.

Шамға сапар

 Мұхаммед (с.ғ.с.) он екі жасқа толғанда көкесі Әбу Тәліптің тұрмысы тіпті нашарлап, ішіп-жемге тарығып қалады. Ол кезде Меккеден алыс өңірлерге сауда керуендері қатынайтын. Сол тұста Әбу Тәліп те саудамен айналысуға бел буады.

Пайғамбарымыз атасының көзі тірісінде өзі қалаған көкесі Әбу Тәліптің отбасында. Мейірімді, бірақ жоқ-жұтаң тіршілігі бар Әбу Тәліптің бала-шағасы да оны жатырқамай қабылдады.

Анасынан айрылған алты жасар Мұхаммедті (с.а.у.) атасы Әбдімүттәліп қолына алады. Құрайыштың алдыңғы қатарлыларынан саналатын Әбдімүттәліп адамгершілігі мол, жомарттығымен, мәрттігімен аты шыққан, сабырлы, ақылды, түсінігі мол жан.

Сұлтанымен қауышқан әлем шат-шадыман. Пенде атаулының көңілдеріне нұр себетін тұлғаның өз панасында болғаны үшін Арабстанның қуанышы да шексіз. Жалғанда жалғыз рет болатын ғажайып оқиғаның куәсі болған Мекке мерекелік көңіл-күйде.

Қазіргі мұсылмандар келісім жасасқанда уәденің орнына «иншалланы» көп айтады. Ал, Пайғамбарымыз (с.а.у) алыс-беріс жасағанда уәдеге қаншалықты берік болған?

Екі дүниенің сәруары болған Хақ Елшісінің (с.ғ.с.) әрбір сөзі садақтан суырылып шыққан жебедей тура айтылатын. Ол (с.ғ.с.) иненің жасуындай болса да жалған сөз сөйлеген емес. Өйткені, Алла Елшісі (с.ғ.с.) – туралықты ту етіп ұстаған адамзат баласының ең асылы болатын.