Алла елшісіﷺ елге ешқандай шектеу қоймайтын. Мұсылмандардың жағдайы біршама жақсарды. Жақсы өмір сүруге көп мүмкіндіктер туып, сахабалар өз жағдайларын жақсартып жатты.
Пайғамбарымыз ﷺ қанша мәрте қажылық жасады?
Құран кәрімде: «Қажылық уақыты – белгілі айлар!», - деген. Белгілі айларда ғана қажылық парыз болғандығы себепті Пайғамбарымыз ﷺ көп қажылық жасамаған.
Мұсылмандардың алғашқы қажылығы
Тоғызыншы жылы түскен аятта былай делінді:
- Жағдайы келген барша мұсылмандарға Қағбаны зиярат ету парыз, - делініп, бұдан былай қажылық ғибадатының парыз болғандығы жарияланды.
Тамағымнан оқ тиіп, жұмаққа кірейін
Әбу Дайях(р.а) Пайғамбарымызға ﷺ келіп, кәлима айтып, бұдан бұлай Алла елшісінің қасында болғысы келетінін білдірді.
Пайғамбарлықтың басталуы
Қырық жасында Пайғамбарымызға (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) пайғамбарлық нәсіп болып, ол жиырма үш жылға созылды. Пайғамбарлықтың он үш жылы Меккеде өтті. Сол он үш жылдың бастапқы үш жылында Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) дінге құпия үндеді.
Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) үндеуіне еріп мұсылман болған бірінші әйел зайыбы Хадиша анамыз болды. Хадиша анамыз уахи (Аллаһ Тағаланың хабары) түсе бастаған сәттен-ақ Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Хақ Тағаланың елшісі екеніне иман келтірген болатын.
Еркектердің ішінде бірінші болып Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) қызметшісі Зайд ибн Хариса пен Абу Бәкр (родиял-лаһу ъанһума) мұсылман болды.
Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) үйленуі
Тарихтан Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) он жыл қойшы болғаны мәлім. Жиырма бес жасында Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) саудамен айналыса бастайды. Сол кезде ол Хадиша анамызға жалданып, сауда мақсатымен Шамға аттанады. Сапар да, сауда да сәтті болады. Сол сапардан соң Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) адалдығына қызыққан Хадиша анамыз Пайғамбарымызға (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) күйеуге шығады. Ол кезде Хадиша анамыздың жасы қырықта болатын.
Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Бухайрамен кездесуі
Абу Толиб саудамен айналысып, сол мақсатта Шамға сапар шегетін. Бір жолы ол өзімен бірге Пайғамбарымызды (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) алады. Ол кезде Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) жасы он екіде болатын.
Жолда Бусра қаласында олар Бухайра есімді монахпен кездеседі. Бухайра христиан дінінің несториан ағымын ұстанатын. Ол ағымның ұғымында Иса пайғамбар (ғаләйһис-саләм) Құдайдың ұлы емес, пайғамбар ретінде қабылданады.
Пайғамбарымыздың с.ғ.с. ата-анасы қайтыс болуы
Абдуллаһ ұлын көрмей о дүниелі болды. Ол дүние салғанда Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) анасының құрсағында болатын. Амина қайтыс болғанда Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) бар болғаны алты жаста еді.
Пайғамбарымыздың дүниеге келуі
Ғалымдар Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) туылған күніне қатысты түрлі пікір қалыптасқан. Сондықтан олардың арасында «Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) туылған күні Раби` Әль-Әууәл айының екісі (сегізі, оны, он екісі)» деген пікір бар.
Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) дүйсенбі күні дүниеге келіп, дүйсенбі күні бақилық болды. Бұл мәселеде ғалымдардың арасында келіспеушілік жоқ.
Ибн Аббас р.л.ғ. айтады: «Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Раби` Әль-Әууәл айында, дүйсенбі күні дүниеге келді. Пайғамбарлық Раби` Әль-Әууәл айының басында, дүйсенбі күні басталды. «Бақара» сүресі де Раби` Әль-Әууәл айында, дүйсенбі күні түсіріле бастаған болатын». («Әл-Бидая уән-ниһайа»)
Ғажап емес пе?!
Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) шығу тегі
Ғалымдарың айтуынша Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) тегі Аднаннан бастау алады. Аднан – Исмаил пайғамбардың (ғаләйһис-саләм) ұрпағы. («Мухаммад», Мухаммад Риза) Ал Аднан, өз кезегінде, Хижәз (Сауд Арабиясы) арабтарының ата-бабасы болады. («Әл-Бидая уән-ниһайа»)
Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) өзінің шығу тегіне қатысты былай деген болатын: «Шын мәнінде Аллаһ Тағала Ибраһимнің (ғаләйһис-саләм) ұрпағынан – Исмаилді (ғаләйһис-саләм), Исмаилдің (ғаләйһис-саләм) ұрпағынан – Кинана ұрпағын, Кинана ұрпағынан – Қурайш тайпасын, Қурайш тайпасынан – Хашим ұрпағын, ал Хашим ұрпағының ішінен – мені таңдады». («Сунәнут-Тирмизи», 3684)
Мухаммад пайғамбардың (с.ғ.с.) қысқаша өмірбаяны
Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) өмірбаянын білу дін негіздері мен шариғат талаптарын дұрыс ұғынып, түсінуге ықпал ететіні күмәнсіз.
Мәселен, тафсир саласын алайық. Тафсир – құранды зерттейтін ғылым саласы. Құранды зерттеу тек араб тілін білумен шектелмейді. Ғалымдардың айтуынша, тафсир жазатын адам он бес түрлі ілімді игеруі тиіс. Оның ішіне пайғамбар тарихы да кіреді. Себебі, Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) тарихын жетік білмеген адам кез-келген аяттың түсірілу себебін анық-қанды түсіндіріп бере алмайды. Ал ол болмаса, аятты толық түсіну мүмкін емес.
Хадис жайында да осыны айтса болады. Хадис – Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтқан сөзі. Осы күні бар болғаны хадистің аудармасын оқып, бір мәселеге пәтуа айтатындар пайда болған. Бұл, ең кем дегенде, саутсыздық десек, қателеспейміз. Ал негізінде бір хадисті бір мәселеге телу үшін түрлі білім иесі болу шарт. Сол түрлі білімнің қатарына тарихты жатқызсақ болады. Бұл талап орындалмаған жағдайда хадис қате қолданылуы ықтимал.