25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Адамзаттың асылы (с.а.с.) (милади жыл санауы бойынша) 571 жылы, Рәбиул-әууәл айының дүйсенбіге қараған он екінші түні Меккеде дүниеге келді. Ол уақыттарда «Мұхаммед» есімі ел арасында кең таралмаған еді. Атасы Абдулмутталиб немересінің атын «Мұхаммед» деп қойған себебін «Аллаһтың да, халықтың да мақтауына ие болғанын қаладым» деп түсіндірген.

Бес жүз жетпісінші жылдар шамасы. Пайғамбарымыз Мұхаммедке (саллалаһу әлейһи уәссалам) пайғамбарлықтың әлі келмеген кезі. Ол заманда Мекке қаласы қара-құрым халықтан құмырсқаның илеуіндей болып жататын еді. Тұрғындардан бөлек саудагерлер мен жылдар бойы қасиетін сақтап келген Қағбаға арнайы келіп тәуап етуші жатжұрттықтар. Бұлар Меккеге құдды тойға жиналғандай жер-жерден лек-легімен ағылатын. Саудагерлерді бұл қала халықтың көптігімен тартса, екінші бір себеп қасиетті Қағбаның осы жерден табылуы еді. Не керек, Қағба айналадағы халықты айшылық алыс жерден менмұндалап тартып тұратын.

Ол кезде мұсылмандарға өздерінің исламда болғандарын сөзімен де ісімен де көрсетуге тыйым салынған кез болатын. Мұсылмандар өздеріне пана болар жер іздеп, алғашқы мұслмандардың қатарында болған Әрқамның үйін таңдады.

Ардақты Пайғамбарымыз (ﷺ) адамзат үшін ең көркем мінезді жан еді. Ол жайында Құранда Алла Тағала былай дейді: «Сендер үшін Алланың елшісінде көркем өнегелер бар» (Ахзап сүресі, 21-аят). Тағы бір аятта: «Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің» (Қалам сүресі, 4-аят). Құранда оның мінезі жайында осылай деген болса, бірде Айша анамыздан біреулер Пайғамбарымыздың (ﷺ) мінез-құлқы жайлы сұрағанда: «Сендер Құран оқымайсыңдар ма? Оның мінез-құлқы – Құран ғой», - деп жауап берген болатын. Олай болса, Құранда адамзат үшін қандай жақсы мінез құлық пен қасиет айтлған болса, соның барлығы Пайғамбарымыздың (ﷺ) бойынан табылатын.

Ол күн Мәдина шаһарының және сол нұрланған қаланың тұрғындары үшін ең әдемі, ең есте қаларлық сәт болды. Сол күн еске түссе болды, жүректер нұрға бөлене кетеді. Ардақты сахаба Әнас ибн Мәликтің тілімен айтқанда, сүйікті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) Мәдинаға алғаш келген күннен асқан, әдемі, нұрлы бір күн болған емес.

Бұл – ережеп айы. Ережептің 26-нан 27-не қараған түн исра және миғраж кеші. Яғни, адамзат сұлтаны Мұхаммед (с.ғ.с.) Харам мешітінен Ақса мешітіне түнгі сапар жасаған және жеті қат көкке көтерілген кеш. Аталмыш оқиға пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мадина қаласына һижрат етуден он сегіз ай бұрын болды. 

Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Ибраһимнен өзге барлық баласы Хадиша анамыздан болды. Ол, қыздары Зейнеп, Руқийа, Умму Күлсум, Фатима. дочери: Зайнаб, Рукийа, Умму Кульсум, Фатима. Ұлдары: Әл-Қасим және Абдуллаһ. Әл-Қасим пайғамбарлықтан бұрын, ал Абдуллаһ пайғамбарлық басталғаннан кейін туылды. Әл-Қасим де, Абдуллаһ та жастай дүние салды.

Ибраһим хижрадан кейін Мария анамыздан туылды. Кейбір мәліметтерге қарағанда Ибраһим туылғаннан кейін жетінші күні көз жұмды.

Алланың елшісі Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қайтыс боларынан ілгергі күндерін хазреті Айша анамыздың бөлмесінде өткізді. Сырқат өн бойын дендегендіктен әдеттегідей мешітке келіп, имамдық ете алмады. Өз орнына досы, ардақты сахаба Әбу Бәкірді (р.ғ.) имамдыққа тағайындады. Айтпақшы, Әбу Бәкір (р.ғ.) пайғамбарымыздың саулығында он жеті рет жамағатқа имамдық ету бақытын иеленген кісі.

Әкесі – Абдуллаһ. Анасы – Амина. Екеуінің де тегі Киләб ибн Муррадан тарайды. Ал Киләб ибн Мурра Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) ата-бабаларының бірі.

Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) әкесі Абдуллаһ – Абдул-Мутталибтің ең кенже баласы. Кезінде Абдул-Мутталиб: «Егер Жаратушы маған он ұл бала берсе, мен соның бірін Аллаһ жолында құрбан етемін»,-деп серт еткен болатын. Расында да, Аллаһ Тағала Абдул-Мутталибтің он ұл баласы болуын нәсіп етті. Ұлдары ержеткеннен кейін, сертті орындай уақыты келді. Серт талабына сай Абдул-Мутталиб ең сүйікті кенже баласын, яғни Абдуллаһты құрбан етуі тиіс еді. Адамдар, абызбен ақылдасып, Абдул-Мутталибке ұлының орнына жүз түйені құрбан етуді ұсынды. Нәтижеде Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) әкесі Абдуллаһ құрбандық болудан құтқарылды.

Құранда мынадай аят келеді: «Пайғамбар, мүміндерге өздерінен артық» («Ахзаб» сүресі, 6-аят).Саңлақ сахабалар ислам дінінің кең қанат жаюына табанды еңбек сіңірген тарихтағы ең ардақты жандар. Олар пайғамбар өмір сүрген алтын ғасырдың бір-бір куәгерлері еді. Тіпті, олар аспандағы жұлдыздар секілді жарық жол нұсқаған ұлы тұлғаларға айналды. Олар адамзаттың абзалы болған Алла Елшісімен (соллаллаһу аләйһи уә салләм) замандас болып қана қоймай, өздерінен пайғамбарды артық жақсы көріп, қалт еткенде үнемі қасынан табыла білді.

Адамзаттың ардақты тұлғасы, сүйікті пайғамбарымыздың өмір жолымен етене танысып, тал бойындағы маржандай тізілген көркем мінез-құлқын бойымызға сіңіру – үмметі біздерге міндет. Саңлақ сахаба Әбу Бәкір (р.ғ.) пайғамбарымыздан (с.ғ.с.): «Уа, Алланың елшісі! Осыншалықты әдепке сізді кім баулыды?» - деп сұрайды. Сонда Алланың Елшісі (с.ғ.с.): «Мені Раббымның өзі әдепті етті және жақсылап тәрбиеледі», – деп жауап қайырған екен.