25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбардың (с.ғ.с.) қос нұры – Руқайя мен Умму Кулсум

Осман (Алла оған разы болсын) ие болған Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қос нұры Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қыздары Руқайя мен Умму Кулсумнің өмір жолдары өте ұқсас болатын.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) ертелі-кеш аузынан тастамаған дұғалары

Дұға – Алла мен пендені байланыстырушы көзге көрінбес көпір іспетті. Дұға етудің өз орны мен әдебі бар, ең бастысы – таза жүрекпен, ықыласпен ниеттенген жөн. Ол қиналған, ауырған сәттерімізде ғана емес, алдын-ала ауру-сырқау, тіл-көзден, қауіп-қатерден, бәле-жаладан бізді сақтап, бақытты өмір сүруімізге септігін тигізеді. Дұғалардың түрлері өте көп.

Дене қызуын түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан бір тәсілі

Кейде ауырсақ қызуымыздың көтерілетіні бар. Сондай кезде дәрігерлер қызуды түсіру үшін денені сумен ысқылау керектігін айтады немесе жылы суға түсуге кеңес береді. Оны физиологиялық салқындату дейді.

Пайғамбардың (с.ғ.с) айналысқан спорт түрлері

Дін Исламның өзі салауатты өмір сүру салтын ұстанады. Бір-ақ мысал келтірсек, құлшылық атаулының ең ұлысы болған намазда руханилықпен қоса, қимыл-қозғалыстың үлкен іс-әрекеті жүзеге асады. Сондықтан, спорттың қай-қай түрімен де айналысу дінімізге мүлде жат емес. Ол аз десеңіз, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өз өмірінен бірқатар спорт түрлері мен айналысқанын байқауға болады. Оларды таратыңқырап айтсақ та болады.

Емі жоқ ауруды емдейтін сөз

Салауат айту –  уайым мен қайғыдан арылтады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Салауатты көп айтқан адам Қиямет күнінде маған ең жақын адам болады»-деген.

Біз Алланың елшісіне салауат айтқан кезде Алла Тағала бізге он есе мейірімін төгеді, жарылқайды. Әр салауат айтқан сайын адамның Алла Тағаланың алдында қаншалықты көтеріле беретінін ойлап көріңізші.

Бірде сахабалар Алла елшісінің қуанып отырғанын көреді. Олар: «О, Алланың елшісі! Біз сенің қуанышты жүзіңді көріп тұрмыз»-дейді. Ол: «Мен қалай қуанбайын, Жәбірейіл маған «кімде кім маған салауат айтса Алла соған он есе мейірім көрсететінін» жеткізді»-деген екен.

Салауат айтудың пайда зор. Ол біздің барлық өмірімізді қамтиды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кім маған күніне 100 рет салауат айтса, Алла соның қажетін ашады»-деген. Салауат айту уайым мен қайғыдан арылтады. Пайғамбарға салауат айту – құлшылықтың қабыл болуының, деннің сау болуының кепілі. Бұл жүрек нұры. Алла елшісіне салауат айту – Алла Тағаланың өз құлының құлшылығы мен ісін қабыл етуіне себеп болмақ.

Ұлы сахабалардың бірі Убай ибн Каб: «О Алланың елшісі! Мен Алла Тағаладан мені саған салауат айтушылардың бірі етуін сұраймын. Мен саған қанша рет салауат айтайын?»-деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Қанша қаласаң сонша»-дейді. Сахаба: «Мен салауатқа уақытымның төрттен бірін арнаймын»-дейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Қалауың білсін, егер арттырсаң одан да жақсы»-дейді. Сонда сахаба: «Мен салауатқа уақытымның жартысын арнаймын»-дейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Қалауың білсін, егер арттырсаң одан да жақсы»-дейді. Сахаба: «Мен салауатқа уақытымның үштен екі бөлігін арнаймын»-дейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Қалауың білсін, егер арттырсаң одан да жақсы»-дейді. Сахаба: «Онда мен саған әрдайым салауат айтатын боламын»-дейді. Сонда Алланың елшісі: «Сен уайымнан құтыласың және сенің күнәларың кешіріледі»-деген екен.

Алла Елшісіне (с.ғ.с) салауат айту уайымшылдықтан арылтады. Көптеген адамдардың жүрегінде мазасыздық бар. Алла елшісіне көбірек салауат айтыңыз – өз жүрегіңізді мазасыздықтан арылтасыз және Алла күнәларыңызды кешіреді. Салауатты жиі айту осы әлем мен мәңгілік әлемнің қиындықтарын жеңілдетуге көмектеседі.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Меккеде үнемі мен жанынан өткен сайын маған салауат айтатын тас бар»-деген. Алланың елшісі тастың салауатын ұмытпаған. Ал өз үмбетінің бір салауатын ұмыта ала ма? Әрине жоқ, себебі Алланың елшісі әрдайым өз үмбетімен бірге.

Салауат айту намазда, жұма хұтпасында, сондай-ақ көптеген жерлер мен жағдайларда қажет. Әсіресе мұсылмандар жиылғанда қажет. Пайғамбарымыз, Алланы еске алып, елшісіне салауат айтатын мұсылман жиналыстары қабыл болатынын жеткізген. Алла еске алынбаған, Пайғамбарға салауат айтылмаған жиынның сұрауы болмақ. Мешітке, үйге кіріп-шыққанда салауат айтқан абзал. Әсіресе жұмада айтуды ұмытпау керек. Алланың елшісі: «Жұмада көптеп салауат айтыңдар. Шынында бұл салауат маған жетеді»-деген. «Ең сараң адам – менің атымды еске алғанда, маған салауат айтпайтын адам»-деген. Неге ол адам сараң болады? Себебі ол өзіне сараңдық жасайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) біздің салауат айтуымызға мұқтаж емес, оны Алланың өзі жарылқамай ма?! Бұл сараңдық өзіңе келер көп сауаптан құр қалдыратын сараңдық.

Дұға Пайғамбарға салауат айтқанша жер мен көктің арасында тұрады дейді. Алла Тағаладан әлденені сұрарда салауатпен бастап, салауатпен аяқтаған абзал. Мұндай құлшылықтың қабыл болатынына сенім кәміл. Бізді Алланың елшісімен байланыстыратын бірден-бір дүние – ол салауат. Ол –  Пайғамбарға ғана емес, Аллаға жақындау жолы. Алла Тағала Құранда: «[О Мұхаммед!] айт: «Егер сендер шынымен Алла Тағаланы жақсы көрсеңдер, менің соңымнан еріңдер және Алла сендерді жақсы көретін болады» - дейді.

ummet.kz

Сен жоқ жерде сені қорғайтын ең абзал нәрсе

Сен жоқ жерде сені қорғайтын ең абзал нәрсе ол – мінез-құлқың. Адам баласын өзі секілді қос аяқты, жұмыр басты өзге пенделерден ерекшелеп тұратын бір қасиет – оның мінезі.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) тамақтану әдебінен өнеге

«Ас – адамның арқауы», «Ауру – астан» деген дана халқымыз. Шынында солай, бұған ешкімнің таласы жоқ. Өйткені, ол – тәннің азығы. Сол себепті күнделікті тамақтануымызды бойымызға қуат сыйлайтын Алланың нығметі деп білуіміз керек.

Пайғамбарлардың ер кісілерден болуы

Пайғамбарлар да адамдар арасынан таңдап алынған пенделер. Сондықтан олардың басқа адамдардың тума қасиеттері мен ортақ ерекшеліктері жайлы Құран: «Ей Мұхаммед «Мен де сендер сияқты адаммын. Жаратушыларың бір ғана Алла екендігі маған уахи етілді», «(Мұхаммед с.ғ.с) Сенен бұрынғы жіберілген Пайғамбарлар да әрине, тамақ жейтін, базарларда жүретін еді. Біз бірің арқылы біріңді сынадық. (Сынаққа) төзе аласыңдар ма? Раббың (бәрін де) көріп тұрады, «оларға да жұбайлар, ұрпақтар сыйладық» деп баяндаған.