Мәдиналық тілеулестері Мұхаммедтің (ﷺ) Меккеден шыққанын естігелі бері таң намазынан соң топ болып Харра биігіне шығып, күн тас төбеге келіп, ысығанға дейін жол тосуды әдетке айналдырған.
Пайғамбарымыздың ﷺ хижреті - 2
Жолаушылар сапар бойы небір қызыққа кенелді. Жол азықтары әлдеқашан таусылған. Талғажау етер тағам іздеп айналаны сүзіп келе жатқан жолаушыларға бір шопан жолыға кетеді. Олар жағдайларын айтып, сүт сұрайды. Малшы: «Сауын малым жоқ. Мына бір жалғыз ешкіні сауатын едік, ол да буаз, сүті тартылып кетті» - деді.
Пайғамбарымыздың ﷺ хижреті - 1
Қаныпезер құрайыштар қанды қаулыларын іске асыруға асығып, қызу дайындыққа кіріскен. Дәл осы тұста Хазіреті Мұхаммедке ﷺ Алладан көшуге рұқсат әмірі түсті. Пайғамбарымыз ﷺ әдетте Хазіреті Әбу Бәкірдің үйіне күнде таңертең, кешке екі мезгіл соғып кететін.
Дарун-нәдуанның қорқынышты қаулысы
Құрайыш мүшріктері болған жайттарды ұзынқұлақтан естіген сайын, дегбірі қашып, қауіптері арта түсті. Мұсылмандардың бас қосып, ынтымақ жарастыруы оларды үркіте берді. Хазіреті Мұхаммед те ﷺ күндердің күнінде Мәдинаға көшіп барып, басшылықты қолына алса, мұсылмандар ашық шайқасқа шығып, тіпті Шамға баратын сауда жолын жауып тастауы мүмкін екендігін ойлап, мүшріктердің түн ұйқысы төрт бөлінді.
Омар бастаған мұсылмандардың көші
Мұсылмандардың көбісі жасырынып, оңаша сәтті не түн қараңғылығын пайдаланып жолға шықса, Хазіреті Омар қару-жарағын майлап, садағын сайлап Қағбаға барып, жеті рет ашықтан-ашық тауап етті.
Хижрет бағыты – Мәдина
Пайғамбарымыз бен мәдиналық мұсылмандар арасындағы Ақаба келісімі мен өзге де мәмілелер мұсылмандардың ертеңгі күніне деген сенімін нықтай түсті. Наным-сенімдеріне сай еркін ғибадат етіп, діндерін қорықпай-үрікпей тарату мүмкіндігі туды…
Екінші Ақаба келісімі
Біздің эрамыздың 622-жылы… Пайғамбарлықтың он үшінші жылы… Қағбаны дәстүрлі зиярат заманы келгенде Мұсғаб ибн Умайр Пайғамбарымызды (ﷺ) Мәдинадағы ахуалдан өзі хабардар ету үшін бір топ мұсылманмен бірге Меккеге келеді. Келгендердің жалпы саны жетпіс бес адам, олардың екеуі әйел.
Бірінші Ақаба келісімі
Біздің эрамыздың 621 жылы… Хазіреті Мұхаммедке ﷺ пайғамбарлық міндеті берілгелі он екі жыл өткен.
Мәдиналық алғашқы мұсылмандар
Қажылық мерзімі. Мұхаммедтің ﷺ пайғамбарлығының он бірінші жылы… Меккеге Араб түбегінің түкпір-түкпірінен қажылық міндетін орындауға келгендер арасында бірнеше мәдиналық мейман да бар. Пайғамбарлар сардары қажылық кезіндегі жылдағы әдетімен ру-тайпаларды аралап, Исламды уағыздап жүріп, Ақаба деген жерде Мәдинадан келгендерге жолығады.
Исра және миғраж мұғжизалары
Хижреттен бір жарым жыл бұрынғы рәжәп айының жиырма жетінші түні. Осы түні пайғамбарымыздың ең үлкен муғжизасы – Исра мен Миғраж жүзеге асты. Жәбірейіл періште Мұхаммедті ﷺ Харам мешітінен алып, пыраққа отырғызған күйі Ақса[1] мешітіне алып келді. Сол жерден көк жүзіндегі керемет тылсымдардың және Алла Тағаланың құдіретін көрсететін айғақтарды бір-бірлеп көрсету мақсатымен ғарыштың әрбір қабатына жоғарылатты.
Пайғамбарымыздың Тайфқа сапары
Ынсапсыз мүшріктер Әбу Тәліп пен Хазіреті Хадишаның өліміне қуанып қана қоймай, азалы сәтті пайдаланып, Хазіреті Мұхаммедке шабуылдап, зықысын шығарды. Тұс-тұстан тырақайлап бас салатындары сондай, ардақты Пайғамбарымыздың дінді уағыздауға шамасын келтірмейді. Зығырданы қайнаған оны міндетіне деген адалдық туған жерінен жырақ кетуге жетелейді.