Біле білгенге уақыт, ол – мүмкіндік. Адам мүмкіндікті дер кезінде пайдаланып қалмаса, «қолын мезгілінен кеш сермері» анық. Көп жағдайда біз жалқаулыққа бой алдырып, өзімізге нәсіп болатын жақсылықтардан құр қалып жатамыз. Жұмыс істеу арқылы өзімізге келетін өзімізге деген игіліктердің көзін көбейте алатындығымызды түсінбейміз. Уақытты адал жолмен жұмыс істеуге, отбасыңды асырауға, Алла Тағалаға үздіксіз құлшылық етуге тиімді пайдалану қажет.
Парсы жеріндегі әбігер (Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өмірінен )
Сол замандағы екі үлкен мемлекеттің бірі Парсыдан келген хабарлар да өте қызықты еді. Кисра сарайларының тұрған жері қатты шайқалып, сарайдың теңдессіз мықты деп мадақталатын он төрт бағанасы жермен-жексен болады. Бір түнде қасиетті деп танылған Сауа көлінің суы тартылып қалады. Сондай-ақ, парсы императоры сол түні түсінде араб жылқыларының семіз түйелерді соңына ертіп Дижладан өткенін, сол жерден елінің барлық аумағына тарағанын көреді.
Есімі Құранда ескерілген сахаба
Алла Тағала Құран кәрімнің Ахзаб сүресінің 37-ші аятында былай деді:
فَلَمَّا قَضَى زَيْدٌ مِنْهَا وَطَرًا زَوَّجْنَاكَهَا
«Сонда одан Зәйіттің жұмысы біткен (ажыраған) кезде оны саған некелендірдік)».
Алғашқы жүректің жарылу оқиғасы
Алла тағала иләһи сырларды игере алатындай хәлге келу үшін Пағамбарымызды (с.ғ.с.) көкірегін бірнеше рет ашып, ішін тазалап, рухани тыныштық, мейірімділік, жанашырлық, иман және хикмет секілді қасиеттермен толтырды. Бұл оқиғалардың алғашқысы Пайғамбарымыз сүт анасының қасында болған кезде іске асқан еді. Бұл оқиғаны әлемдердің Сұлтаны өз аузымен түсіндірген.
Пайғамбар (с.ғ.с) қойған астау
Хазірет Омар бір күні Жұма намазына бара жатып бір тамның қасынан өте бергенде там төбесінен үстіндегі киіміне қан тамып кеткен еді. Ол бірден қан тамшылап тұрған астауды тауып әлгі тамның үстінен алып тастады, сөйтті де үйіне кері қайтып, үстіндегі киімін ауыстырып қайта келді.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жарақаттанған сәті
Бұл оқиға Ұхыд соғысында болған жағдай. Соғыс қызған шақта Алла Расулына жасалған шабуылдардың бірінде Сағд бин Аби Уаққастың мушрик інісі Ұтба ардақты Пайғамбарымызға (салләл-лаһу ғаләйһи уә сәлләм) қарай тас атты. Осы лақтырылған тас Пайғамбарымыздың (салләл-лаһу ғаләйһи уә сәлләм) дулығасына тиіп, екі қалқаншасы мүбәрак жүзіне кірді.
Жаңа жұлдыз
Яһуди ғалымдары арасында кең тараған түсінік бойынша, ақырзаман пайғамбарының дүниеге келетін уақыты жақындаған болатын және осыған бергі беретін жұлдыздың да туатын кезі келген.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) дүниеге келуі
Әбділмүттәліптің тәуекелі мен Аллаға шын берілгендігі, Әбраха мен әскерінің басынан өткен жағдайлар ауыздан-ауызға тарап аңызға айналды.
Пайғамбарлық қалай келді?
Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) қырыққа таяғанда, оңашада ой кешіп, жаратылыстың тылсым құпияларына үңілетін. Елден жырақ құлшылық жасайтын. Осы мақсатта ара-тұра Хира тауындағы үңгірге барып-тұруды әдетке айналдырды. Азық алу үшін ғана үйге келіп, көп кідірмей қайта кететін.
Дінге ашық шақыру
Алла Елшісіне (с.ғ.с.) үш жылдан соң дінді ашық насихаттау турасында аят түсті:
وَأَنذِرْ عَشِيرَتَكَ الْأَقْرَبِينَ {214} وَاخْفِضْ جَنَاحَكَ لِمَنِ اتَّبَعَكَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ {215}
«Жақын туыстарыңды дінге шақыр. Мүминдерден саған ергендерге рақымдылық таныт». («Шуара» сүресі, 214 – 215 аят)
Күресте жеңіліп, ислам қабылдады
Адамзаттың абзалы, Алланың сүйікті елшісі Мұхаммед пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) мінез-құлқы тұрғысынан жанымен де, тәнімен де адамдардан оқ бойы озық тұрды. Пайғамбармен замандас Руккан деген кісі жауырыны жер иіскемеген, күресте алдына жан салмаған алып кісі болады.