26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жарақаттанған сәті

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Бұл оқиға Ұхыд соғысында болған жағдай. Соғыс қызған шақта Алла Расулына жасалған шабуылдардың бірінде Сағд бин Аби Уаққастың мушрик інісі Ұтба ардақты Пайғамбарымызға (салләл-лаһу ғаләйһи уә сәлләм) қарай тас атты. Осы лақтырылған тас Пайғамбарымыздың (салләл-лаһу ғаләйһи уә сәлләм) дулығасына тиіп, екі қалқаншасы мүбәрак жүзіне кірді.

Жағын тіліп бір тісін сындырды.[1] Сүйікті Пайғамбарымыз (салләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) пасық Әбу Амрдың мұсылмандар үшін қазған орына құлап түсті. Талха бин Убайдуллах Алла Расулын сүйеп, хазреті Али (р.а) де қолынан тартып шұңқырдан шығарды. Әбу Убәйда бин Джаррах Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) жүзіне кірген дулығаның қалқаншаларының бірін тісіменсуырып алды. Тістеп тартқанда өзінің де тісі сынды. Екінші қалқаншаны алып жатқанда тағы бір тісі сынды. Осы сәтте барлық қадірлі сахабалар, тіпті періштелер де қатты қайғырды. Бұл жағдай сахабалардың жанына қатты батып Пағамбарымызға (салләл-лаһу ғаләйһи уә сәлләм):

«Құрайыш мүшіріктеріне қарғыс оқыңыз деді»! – деді.

Ардақты Пайғамбарымыз (салләл-лаһу ғаләйһи уә сәлләм) болса:

«Мен лағынеттеу үшін жіберілмедім. Керісінше тура жолға шақыру үшін және мейірімді болу үшін жіберілдім. Аллахым қауымымды тура жолға сал. Өйткені олар білмейді», - деп дұға жасады. (Бұхари, Мағазин 24; Хайсәми IV, 117; Уақиди I,244; Қады Ияс I, 95)

Адамзаттың Асыл Тәжі жараланған кезде былай деді:

«Расулының жүзін жарақаттаған қауымға Алла қатты ашуланды».

Сағд бин Әбу Уаққас (р.а.) былай деді: «Алланың атымен ант етейін! Расулұллахтың осы сөзін естігенімде (оны жаралаған) бауырым Ұтба бин Әби Уаққасты өлтіргім келгені соншалықты, басқа ешкімді олай өлтіргім келмеген еді». Шынында Сағд (р.а.) інісін өлтіру үшін мүшриктердің арасына кіріп бірнеше рет әрекет жасаған еді. Бірақ Алла Расулы (салләл-лаһу ғаләйһи уә сәлләм) оған мұны істеуге жол бермеді. [2]

Асыл Пайғамбарымыз (салләл-лаһу ғаләйһи уә сәлләм) жараланған кезде Фатима (р.а.) оның мүбәрак жүзіндегі қанды жуа бастады. Хазіреті Әли де Фатимаға су құйып жатты. Хазіреті Фатима судың қанды тоқтатпай, онан сайын үдеткенін көріп, шиден тоқылған төсеніштің бір бөлігін алып өртеді. Күл болған соң жараға басып қанды тоқтатты». (Бұхари, Жиһад 80, Мағази 24, Муслим, Жиһад 101)

Міне Ұхыд соғысында осындай қайғылы сәттер болды. Бастапқыда мүминдер басымдылық таныта бастаған еді. Бұйрыққа құлақ аспағандықтың салдарынан мүшриктер дереу әрекетке көшіп оларды кері ығыстыра бастады. Алла Расулының айналасында не бәрі он төрт кісі қалды. Әлемдердің Сұлтаны үрейленген бірнеше мүминдерге:

«Ей Алланың құлдары! Маған қарай келіңдер! Мен Алланың Расулымын!» - деп, айқайлай бастады. (Уақиди I, 237)

 

[1]. Осы оқиғадан кейін опасыз Ұтба бин Әби Уаққастан тараған әулеттің барлығының иләһи ғибрат ретінде күрек тістері сынық немесе кетік болды.

[2]. Уақиди I, 245.

«ummet.kz» рухани – ақпараттық порталы

Бөлісу: