25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ислам тарихындағы тұңғыш Ата заң

Он үш жылға созылған Мекке кезеңі артта қалған. Біреуге аз, енді біреуге ұзақ көрінетін осы уақытты Алла Расулы иманға шақыруға арнап, Исламның көркемдіктерін түсіндірумен болған. Еңбегі еш кеткен жоқ, мұсылмандар қатары күн санап артып, қомақты күшке айналған.

Суффадағы сахабалар

Пайғамбар мешіті тәмамдалғанмен, құбыла – Қағба болып бекітілмеген тұс. Мешіттің солтүстік жақ қабырғасына жапсарлас құрма ағаштарынан кәдімгі қосқа ұқсас баспана жасалады. Баспана араб тілінде суффа аталып, тұрғындары суффа сахабалары делінеді.

Пайғамбар отбасының Мәдинаға келуі

Хазіреті Мұхаммед Мәдинаға хижрет еткенде зайыбы Сәуда мен қалыңдығы Айшаны және қыздары Үммү Гүлсім, Зейнеп, Фатималарды Меккеде қалдыруға мәжбүр болған еді.

Алғашқы азан

Хижреттің алғашқы жылы … Меккеде мұсылмандар мүшріктердің қаупінен сақтанып, әрі кесімді бұйрық болмаған соң ғибадаттарын жасырын жасайтын. Үйге, тау-тастың қалқасына тығылып, сырт көзден тасаланып намаз оқитын. Сол себепті намазға жар салып шақыру жайы ешкімнің өңі түгіл, түсіне де кірмеген-ді.

Пайғамбар мешітінің құрылысы

Хижреттен соң арада бір жыл өткен. Сүйікті Пайғамбарымыз Мәдинаға көшіп келгенде қалада бүкіл жамағатпен намаз оқитындай, қажет жағдайда көп болып бас қосып, жиын өткізетіндей қолайлы орын жоқ-тын.

Иман – бауырластық бастауы

Бауырластық қан жақындығымен ғана айқындалмайды. Діндестер де өзара бауыр саналады. Бауырластық жүгі қашанда ауыр. Адамзат тарихында бауырластықтың, ағайындықтың көрінісі деп ауыз толтырып айтар мысал өте көп.

Мекке кезеңін түйіндейтін болсақ

Мұхаммед ﷺ Мәдинаға хижрет етті. Он үш жылға созылған Мекке кезеңі артта қалды. Исламды уағыздауда маңызды орны болған бұл кезеңнің тобықтай түйінін осы жерде тағы бір түйіп, Расулулланың басынан өткерген жайттарын қысқаша атап өткенді жөн көрдік…

Пайғамбарымыз ﷺ Мәдинада

Пайғамбарымыз (ﷺ) Ранунада жұма намазын оқып, хұтба айтып, қайтадан түйесіне мініп, Мәдинаны бетке алды. Қасында – сыддық досы Әбу Бәкір мен мәдиналық мұсылман жігіттер. Тамылжыған табиғат та олардың қуанышына ортақтасып тұрған тәрізді.