01
Жұма,
Қараша

һижри

Пайғамбарымыздың дүниеге келуі

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Ғалымдар Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) туылған күніне қатысты түрлі пікір қалыптасқан. Сондықтан олардың арасында «Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) туылған күні Раби` Әль-Әууәл айының екісі (сегізі, оны, он екісі)» деген пікір бар.

Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) дүйсенбі күні дүниеге келіп, дүйсенбі күні бақилық болды. Бұл мәселеде ғалымдардың арасында келіспеушілік жоқ.

Ибн Аббас р.л.ғ. айтады: «Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Раби` Әль-Әууәл айында, дүйсенбі күні дүниеге келді. Пайғамбарлық Раби` Әль-Әууәл айының басында, дүйсенбі күні басталды. «Бақара» сүресі де Раби` Әль-Әууәл айында, дүйсенбі күні түсіріле бастаған болатын». («Әл-Бидая уән-ниһайа»)

Ғажап емес пе?!

Туылған жылы – піл жылы. («Тухфату Аль-Ахуази», 3770. «Әл-Маусу`а әл-муяссара фи ат-тарихи әл-ислам»)

Ғалымдардың айтуынша Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) анасы Амина өзінің жүктілік мерзімінде ешбір қиыншылықты сезінбеді.

Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) туылған сәтте Аминаның денесінен бір нұр шығып, оның сәулесі шығыс пен батысты нұрландырған болатын. («Файдүл-Қадир», 2703. «Әл-Бидая уән-ниһайа»)

Атасы Абдул-Мутталиб нәрестені көтеріп, үйді айналды. Кейін оның есімін Мухаммад деп қойды. Адамдар Абдул-Мутталибке: «Немереңе бір ата-бабаңның есімін бермедің бе»,-дегенде, ол: «Мен немеремді көкте – Аллаһ, ал жерде – адамдар мақтауын қаладым»,-деп жауап берді. («Канзүл-Ъүммәл», 35520)

Абдуссамад Махат

 

«Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы

Бөлісу: