16
Бейсенбі,
Қаңтар

һижри

Бір себепке байланысты бірнеше аяттардың түсуі

Бір себепке байланысты бірнеше аяттардың түсуі

Ислам тарихы

Белгілі бір жайт екі немесе бірнеше аяттардың түсуіне себеп болуы мүмкін. Бұндай жағдай Құран Кәрім аяттарының адам дарды тура жолға шақыруы мен даналығына қайшы келмейді.

Бәлкім, бұл ақиқатты адамдардың көңіліне қонымды етіп жеткізуде керемет тәсіл болып та табылады. Мысалы: Умму Сәләмәдан жеткен деректе, ол: «Уа, Алланың елшісі! Алла Тағаланың хижра жасаған әйелдер жайлы айтқанын естімедім»,– деген кезде, Алла Тағала: «Сонда Раббылары олардың тілектерін қабыл етіп, шын мәнінде, Мен сендерден еркек, әйел амал істеушілердің амалын зая қылмаймын. Бір-біріңненсіңдер (бәрің бірдейсіңдер) және хижра жасағандардың, жұрттарынан шығарылғандардың және Менің жолымда жапа шеккендердің, соғысқандардың, өлтірілгендердің жамандықтарын жоямын. Сондай-ақ оларды астарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргіземін. Сыйлық Алланың қасынан. Әрине сыйлықтың жақсысы Алланың қасында» («Әли Имран» сүресі, 195) аятын түсірді»,– дейді.

Әл-Хакимнің Умму Сәләмәдан жеткізген тағы бір хадисінде, ол: Мен: «Уа, Алланың елшісі! Еркектер айтылып, әйел адамдар қалыс қалады»,– дегенімде «Сөз жоқ, Мұсылман ерлер және мұсылман әйелдер...» («Ахзаб» сүресі, 35) және «Сонда Раббылары олардың тілектерін қабыл етіп, шын мәнінде, Мен сендерден еркек, әйел амал істеушілердің амалын зая қылмаймын...» («Әли Имран» сүресі, 195) аяттары нәзіл болды»,– дейді.

Әл-Хакимнің тағы бір Умму Сәләмәдан жеткізген риуаятында, ол: «Еркектер соғысады, ал әйел адамдар соғыспайды, бізге мирастың жартысы тиесілі»,– деген уақытта, Алла Тағала: «Алланың бір-біріңнен артық еткен нәрсесін көксемеңдер. Еркектердің еңбектерінің үлесі өзіне және әйелдердің еңбектерінің үлесі өзіне тән. Алладан оның кеңшілігін сұраңдар. Шексіз Алла әр нәрсені толық білуші» («Ниса» сүресі, 32) және «Сөз жоқ, мұсылман ерлер және мұсылман әйелдер...» («Ахзаб» сүресі, 35) аяттарын түсірді»,– деген (Әл-Хаким, Мустадрак, 2/305-306).

материал «Құран ілімдеріне кіріспе» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: