16
Бейсенбі,
Қаңтар

һижри

ҚМДБ делегациясы Қажылық істері конференциясы мен көрмесіне қатысты

ҚМДБ делегациясы Қажылық істері конференциясы мен көрмесіне қатысты

Жаңалықтар
Жарнама

Сауд Арабиясы Корольдігіне сапары барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған ҚМДБ делегациясы Қажылық істері конференциясы мен көрмесіне қатысты.

Үш күнге созылған конференция мен көрмеге 160-қа жуық ғалым мен маман қатысып, семинарларда сөз сөйледі.

Қажылық және ұмра министрлігінің ұйымдастырған бұл конференциясы – білім жетілдіру және қажылық және ұмра қызметтерінің болашағын зерттеуге арналған әлемнің жетекші ойшылдарын біріктіретін эксклюзивті алаң. Конференция жергілкті және халықаралық, үкіметтік және жеке меншік салаларының ынтымақтастығына негізделген. Сонымен қатар конференция жаңа заманғы технологиялар бойынша басталарды қолдауға бағытталған. Биылғы іс-шара қажылық істерін дамытуға қатысты барлық озық үлгідегі технологиялар туралы тақырыптарды қамтыды.

Айта кетейік, халықаралық іс-шара барысында 138 елден келген қажылық жұмыстарын ұйымдастыруға қатысты дін қызметкерлері 250 түрлі келісімшарттарға қол қойды. Ал көрме жұмысына Сауд Арабиясының 45 үкіметтік ұйымы қатысып, 180 мыңнан астам адам көрмені тамашалады.

Бөлісу: