11
Сенбі,
Қаңтар

һижри

Бас мүфти марқұм Мұхтар Мағауиннің отбасына көңіл айтты

Бас мүфти марқұм Мұхтар Мағауиннің отбасына көңіл айтты

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Заманымыздың көрнекті жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауиннің дүниеден өтуіне байланысты өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтамын. Алла Тағала марқұмды алдынан жарылқап, мейіріміне бөлегей. Иманы өзіне серік, жаны жәннатта болғай.

Сіздерге Жаратқаннан көркем сабыр тілеймін. Тірісінде ең аз дегенде жиырма-отыз сүрені қазақша тәржімалауды ниет қылған Мұхтар Мұқанұлының тарихи танымды жаңғырту жолындағы еңбегі келер ұрпақ үшін мәңгі өнеге болмақ. Халық жазушысының қаламынан туған шығармалар да ұрпақ тәрбиесі үшін тағылым болары сөзсіз» делінген Бас мүфтидің көңіл айту жеделхатында.

дереккөз: muftyat.kz

Бөлісу: