11
Сенбі,
Қаңтар

һижри

Әйеліңе сапарда махрам болуың – күмән емес, құрмет

Әйеліңе сапарда махрам болуың – күмән емес, құрмет

Исламдағы отбасы
Жарнама

Бірде Пайғамбарымызға бір кісі келіп:

– Уа, Алланың Елшісі! Әйелім қажылыққа аттана тұра мені жорыққа аттанар жасаққа жазып қойыпты, - деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оған:

– Бара бер, әйеліңмен қажылық жаса!, - деді.

Әйел кісі махрамының сапарда қасында жүруі әйелге деген күмән емес, оған деген құрмет. Оны қауіп-қатерден қорғау, әйелді аңдып-күзетіп жүру емес. Сапар қиындық пен машақат. Ал ислам әйел кісінің табиғатына сәйкес қомқорлық болғанын бұйырған.

Әйелдің әркімнің сөзіне ілігуінен сақтандырған. Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) жауынгерлер сапынан әйелі қажылыққа аттанғалы жатқан бір сахабасын шығарып жібереді. Бұл іс-әрекеті арқылы Пайғамбарымыз (с.ғ.с) әйелге, отбасыға деген қамқорлықтың сауабы мен маңызын ұғындырғысы келгендей. Әйел кісінің сапарда, жолда, сыртта туғандарымен, ұлымен, немересімен жүруі өнегелілік пен көрегенділіктің көрінісі.

Сахаба Осман ибн Аффан да бірде әйелі сырқаттанып ел қорғаудан қалып қояды. Майданнан оралған соң, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Османға да олжадан үлес береді. Басқалар үлкен отан – ел-жерді қорғап олжаға үлескер болса, Осман кіші отан – отбасы, әйел, бала-шағасына қамқор болып олжаға үлескер болды.

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: