10
Жұма,
Қаңтар

һижри

Наурызбай қажы Тағанұлы Рәтбек қажы Нысанбайұлына жаңа автокөлік кілтін табыстады

Наурызбай қажы Тағанұлы Рәтбек қажы Нысанбайұлына жаңа автокөлік кілтін табыстады

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматыға барған сапарында мүфтияттың 35 жылдық мерейтойына орай еліміздің тұңғыш Бас мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлына жаңа автокөлік кілтін табыстап, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты.

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, 1990 жылдың 12 қаңтарында, қасиетті жұма күні қазақ елінің рухани өмірінде үлкен тарихи оқиға орын алды. Дәл осы жерде, яғни Алматы қаласындағы Орталық мешітте біздің мүфтиятымыз Орталық Азия мұсылмандарының діни басқармасынан бөлініп шығып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болып қайта құрылғаны туралы қуанышты хабар жарияланды. Бұл қуанышты хабарды Қазақстан мұсылмандарының бірінші құрылтайында Бас мүфти болып сайланған Рәтбек қажы Нысанбайұлы жариялаған болатын.

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адамға алғыс айта алмаған, Аллаға шүкір ете алмайды», – деген. Осы сәтті пайдаланып, Рәтбек қажыға айрықша алғысымды білдіремін. Тағы бір хадистердің бірінде: «Кім сендерге жақсылық жасаса, оған сыйлық беріңдер. Егер берер сыйлық таппасаңдар, ол үшін дұға жасаңдар» делінген. Мен осы ретте сонау тоқсаныншы жылдар кезінде мүфтиятымызды аяқтан тұрғызуға, дінімізді дәріптеуге үлкен үлес қосқан Рәтбек Хазіретімізге өздеріңіздің аттарыңыздан темір тұлпар сыйлау туралы шешім қабылдадым. Хазіретімізді қуантуға үлес қосқан демеуші азаматтарға өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан айрықша алғыс айтамын. Алла разы болсын!» – деп атап өтті.

Игі іс-шарада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мүфтиятты әр жылдары басқарған Ержан қажы Малғажыұлына, Серікбай қажы Оразға құрмет көрсетіп, иығына шапан жапты.

Бөлісу: