10
Жұма,
Қаңтар

һижри

Мұса пайғамбардың (а.с) әйелі Сафураның даналығы

Мұса пайғамбардың (а.с) әйелі Сафураның даналығы

Исламдағы отбасы
Жарнама

Оның аты Сафура еді, ол Шуайбтың (оған Алланың сәлемі болсын) үлкен қызы болатын.

Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) Мысырда бір кәпірді абайсызда өлтіргенде, бұл туралы Перғауынға хабарланады. Және ол кеңесшілеріне Мұсаны (оған Алланың сәлемі болсын) өлтіру керектігін айтады. Мұны білген Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) жасырын түрде Мәдианға барады. Осы қаланың шекарасына жеткенде шопандардың құдықтан су алып, қойларын суарып жатқанын көрді. Сондай-ақ ол қойшылардан алыста отырған екі әйелді көрді. (Үлкені оның әйелі, екіншісі жеңгесі болады). Оларды көргенде малдарын неге суармайтындарын сұрады.

Олар: «Үйімізде ер адам жоқ. Сондықтан біз жалғыз жұмыс істейміз. Біз әйелдерміз, сондықтан осы еркектердің бәрі кеткенше күтеміз. Олар кеткен соң суды құдықтан аламыз» деді. Оларды аяп, өзі су алып беріп, қойларды суарды. Олар үйге оралған соң, бұл туралы қария әкесіне айтты.

Ол үлкен қызын осы асыл адамды шақыруға жіберді. Ол Мұсаға (оған Алланың сәлемі болсын) келіп, өзін өте қарапайым ұстады да, әкесінің шақырып жатқанын айтты. Онымен бірге келіп, Шуайбты (оған Алланың сәлемі болсын) кездестірді. Қыздарының бірін оған ұзатқысы келетінін, бірақ ол үшін Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) қойларын сегіз-он жыл бағуы керек деген шарт қойды.

Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) бұл ұсынысты қабыл алып, Шуайб пайғамбардың үлкен қызына үйленеді. Он жылдан кейін ол онымен бірге Мысырға үйіне оралды. Олардың сапарында күн суық Мұсаның (оған Алланың сәлемі болсын) әйелі болып, оларға от керек болды.

Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) Тұр тауындағы отты байқап, оған қарай бет алады. Оған көтерілгенде, Алланың нұрын көреді. Дәл сол жерде ол пайғамбарлық міндетін алды.

Сабақ: Қараңыздаршы, ол қызға үй шаруасымен айналысу қаншалықты қиын болған. Бейтаныс ермен сөйлесуге тура келгенде, ол қандай қарапайым сөйледі! Уа, нәзік жан! Сіз де өмірден ыңғайлылық іздеуді доғарыңыз. Жалқау болмай, үй шаруасымен айналысып, міндеттерді орындау керек. Бұған қоса, сіз әрқашан қарапайым және ұялшақ болуыңыз керек.

материал «Жәннаттың асылдары» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: