14
Сейсенбі,
Қаңтар

һижри

Бас мүфти «Қажылық-2025» құжатына қол қойды

Бас мүфти «Қажылық-2025» құжатына қол қойды

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Жидда қаласында Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және ұмра министрі Тауфиқ ибн Фаузан ар-Рабиамен кездесті.

Екіжақты кездесуде осы жылғы үлкен қажылық сапарын жоғары деңгейде ұйымдастыру мәселелері сөз болды. Бас мүфти қажылық сапары кезінде отандастарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қызмет сапасын арттыру, төлем жасау жүйесін оңтайландыру т.б. мәселелерге баса назар аударды. Сонымен қатар қажылық визасыз, яғни заңсыз жолмен құжат рәсімдеп, қажылық сапарын ұйымдастыратын туристік фирмалардың жұмысына қатаң түрде шектеу қою мәселесі талқыланды. Тараптар бұл мәселеге өзара ықпалдастық келісім негізінде ықпал етуге келісті.

«Қажылық сапарын ұйымдастыруда Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және Ұмра министрлігі жыл сайын жаңа бастамалармен жүзеге асырып келеді. Биылғы жаңа маусымның кейбір жұмыстары 2024 жылғы қажылық маусымы біте салысымен басталып кетті. Жаңа бастамалар мен игі істер қажылық жұмыстарын ұйымдастыруды жаңа деңгейге көтеріп, өзгерістер болатындығына сенімім мол. Мәселен қажылықпен айналысатын турфирмалардың санын азайту бастамасы қажылық жұмыстарының жүйеленуіне үлкен септігі тиеді деген сенімдемін. Алла Тағала игі бастамаларыңызға жар болсын!» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Өз кезегінде САК Қажылық және ұмра министрі Тауфик ибн Фаузан ар-Рабиа Бас мүфти бастаған ҚМДБ делегациясына игі тілегін жеткізіп, әрқашан екіжақты ынтымақтастықты арттыруға ниет білдірді.

Ресми кездесуден кейін Бас мүфти мен Қажылық және ұмра министрі 2025 жылғы үлкен қажылық сапарын ұйымдастыруға қатысты екіжақты келісім құжатына қол қойды.

Бөлісу: