15
Сәрсенбі,
Қаңтар

һижри

Құранды Алланың сізге жіберген жеке хаты ретінде оқыңыз

Құранды Алланың сізге жіберген жеке хаты ретінде оқыңыз

Ислам тарихы

Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өзімен отырғандардың арасынан сахабасы Сәбит ибн Қайстың жоқтығын байқап қалады.

Сағд ибн Муазға:

– Ей, Әбу Амр! Сәбитке не болған? Ауырып қалған ба? - дейді.

– Сап-сау жүрген, ауырғанын білмеймін, - дейді Сағд. Артынша Сағд Сәбитке барып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сұрастырып жатқанын жеткізеді. Сонда Сәбит:

– «Ей, иман келтіргендер! Пайғамбардың (с.ғ.с) дауысынан артық дауыстарыңды көтермеңдер!», - деген аят түскелі қорқып, шықпай отырмын. Білесіңдер ғой, Пайғамбарымызбен (с.ғ.с) отырғанда менің дауысым одан да қатты шығады. Ол аят мен жайлы айтылған сияқты. Мен енді жаһаннамға аттанатын шығармын, - дейді. Сағд қайтып келіп, Пайғамбарымызға (с.ғ.с) болған жайтты баяндағанда ол кісі:

– Жоқ, ол жәннатқа барады! - деген. Өміріңде тым болмаса бір аят оқығанда осы аят мен жайлы айтып отыр деп ойладың ба? Тәубе аятын оқығанда Алланың саған «Пәләнше, тәубе ет!» дегенін сезіндің бe? Садақа жайлы аятты оқығанда Алланың «Пәленше, садақа бер!» дегенін сезіндің бe?

Туысқандық қарым-қатынас жайлы аятты оқығанда Алланың «Туыстармен байланыста бол!» дегенін сезіне алдың ба? Көзді тыю аятын оқыған сәтте Алланың «Пәленше, көзіңді төмен сал!» дегенін ше, сезіндің бе? Кел! Келісіп алайық. Құран оқығанда сезініп, мағынасына ой жүгіртіп, Алланың сізге жіберген жеке хаты ретінде оқиық...

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: