24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Мінез-құлықтың нашарлығы иманның әлсіздігінен»

«Мінез-құлықтың нашарлығы иманның әлсіздігінен»

Ислам тарихы

Оны көрсе иті де, мысығы да қашады. Көркем мінезге қалай жетеміз?

Имам Әбу Хазим (р.а) өзінің бір сөзінде: «Жаман мінезді адам – ең бақытсыз адам. Ол сол бір мінезімен өзін әбден қажытып бітті. Өзімен қоймай әйелі мен бала-шағасын, тіпті жануарларын да әбігерге салады. Қуанышқа бөленіп, үй ішінде ойнап жүрген бала-шағасы оның даусын ести қалса, тым-тырақай қаша жөнеледі. Оның ауласындағы жануарлар да: “Осы жолы маған қандай тас лақтырады екен” деп қорқып жүреді. Оны көрген иті бұрышқа тығылып, оны көрген мысық та бірден қашады. Нашар мінезді адамның күні осы» дейді.

Мухаммад Әл-Ғазали айтпақшы: «Мінез-құлықтың нашарлығы иманның әлсіздігінен». Нашар мінезді адам – адамдардың ең бақытсызы болса, жақсы мінезді адам – адамдардың ең бақыттысы. Бұған дәлел – Имам Тирмизидің хадис жинағында келген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай дейді: «(Есеп-қисаптағы)Таразыда ең ауыр бастаын нәрсе – көркем мінез».

Енді осы жерде бір сұрақ туындауы мүмкін.

– Мінезді өзгертуге бола ма?

– «Минһәж әл-Қасидин”»кітабында Имам әл-Мәқдиси:

«Егер мінез-құлықты өзгерту мүмкін емес болса, онда уағыз айтудың, жақсылыққа шақырудың еш мәнісі болмас еді» дейді. Иә, расымен де уағыздың негізгі мақсаты – қатайған жүректерді жібітіп, жылдар бойы нашарлаған мінезді жақсарту. Әлбетте, көркем мінезге жету үшін тек уағыз жеткіліксіз. Онымен қоса салиқалы амалдарды көбейту қажет. Және әлбетте салиқалы амалмен қоса, көп дұға да қажет. Айша анамыздан жеткен хадисте (р.а) пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай деді: «Аллаһумма кәмә хассәнтә халқи, фәхассин хулуқи!», «Я, Аллаһым! Жаратылысымды көркем еткенің секілді, мінезімді де көркем етші!».

материал «Нәпсі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: