Сахаба Абдулла ибн Масғұд (Алла оған разы болсын) былай деген екен:
1. Алланың парыз еткенін орында, сонда адамдардың ішіндегі ең құлшылығы көбі боласың.
2. Алланың харам еткенінен тыйыл, сонда адамдардың ең тақуасы боласың.
3. Алланың берген несібесіне қанағат қыл, сонда ең бай адам боласың”.
Сахаба Әли (Алла оған разы болсын) былай деген екен:
1. Қорқу болмаған намазда қайыр жоқ.
2. Бос сөзден тыйылмаған оразадан қайыр жоқ.
3. Құранды мағынасына зер салмай оқудан қайыр жоқ.
4. Тақуалық болмаған білімнен қайыр жоқ.
5. Жомарттық болмаған байлықтан қайыр жоқ.
6. Сақталмаған туыс-бауырлықтан қайыр жоқ.
7. Тұрлаусыз нығметтен қайыр жоқ.
8. Ықылассыз жасалған дұғадан қайыр жоқ.
материал «Бауыржан Әлиұлының жазбалары»
жинағынан алынды,
ummet.kz