18
Дүйсенбі,
Қараша

һижри

Истихарадан кейін түс көреді деген рас па?

Истихарадан кейін түс көреді деген рас па?

Ислам тарихы

Истихара – құлдың Раббысына барлық ісін, тіпті, өзін тапсыруы, мақсатының баяндылығын, берекесін бір Алладан сұрауы, Оған сүйенуі. Мұқтаждығын, әлсіздігін ашық білдіріп, бойсұнуы.

Истихара – ғайыпты білу емес! Біз үшін ненің қайырлы, ненің қайырсыз екені бәрібір ғайып болып қала береді. Ал оны оқу – істі Аллаға тапсыру, Одан бізге қайырлысын таңдап беруін сұрау. Өйткені, біз шын мәнінде өзімізге ненің жақсы, ненің жаман екенін біле бермейміз.

Құранда: «Қайдан білесіңдер, бәлкім, ұнатпаған нәрселерің түбінде өздерің үшін қайырлы болар. Сондай-ақ ұнатқан нәрселеріңнің түбінде өздерің үшін зиянды болуы бек мүмкін. Ақиқатын Алла біледі, сендер білмейсіңдер», – деп айтады («Бақара» сүресі, 216-аят)

Истихара намазын, не дұғасын оқығаннан кейін түс көреді, түсінде белгі береді деген сөздер хадистердің ешбірінде де кездеспейді. Тіпті жатар алдында оқыңдар деген сияқты тұспалдап айтылған сөздер де жоқ. Сондықтан истихара оқыған, не оқып жүрген адамның көрген түстері кәдімгі басқа түстер сияқты қарастырылады.

материал «Истихара» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: