25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбардың (с.ғ.с) ауызашар дастарханы қандай еді?

Пайғамбардың (с.ғ.с) ауызашар дастарханы қандай еді?

Ораза

Алла Елшісінің (с.ғ.с) ауызашар дастарханы қарапа­йым еді. 10 жыл қызмет еткен Әнас бин Ма­лик хазреттері Расулулланың уақыт кірге­нде бірнеше жас құрма, жоқ болса кептірі­лген құрма, ол да жоқ болса, бірнеше жұт­ым сумен ауыз ашқандығын айтқан.

Тамақты­ тұзбен бастау да мақталған. Қыста құрма­мен, жазда сумен ашқандығы да жеткен. Аб­дуллаһ бин Әби Әуфа Расулулланың (с.ғ.с) ауызаш­арда қуырылған ұнның су немесе сүтпен ар­аласуы арқылы пісірілген сәуик сорпасын ­(һәллә) әзірлеткендігін риуаят еткен. Па­йғамбарымыз (с.ғ.с): «Кімде-кім бір ораза ұстаған кісіге ауыз­ ашқызса, оның сауабындай сауапқа иелене­ді» деген. Осы себептен ауыз ашарға сахабал­арды шақырып, өзі де ауызашарға шақырылғ­анда баратын еді. Ол Сад бин Убадәнің ау­ызашарына барған, дастарханға қойылған н­ан және зәйтүн майын жегеннен кейін дұға­ еткен.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) маңыздылығын көрсету үшін ­ауызашарға да, сәре асына да қонақ шақыр­атын еді. Мысалы, Ирбад бин Сарийаны сәр­есіне шақырған. «Бір жұтым сумен болса да, сәресін жасаң­дар, онда берекет бар. Сәре асы оразаға,­ күндізгі ұйқы түнгі ғибадатқа демеуші» дейтін еді. Сәресі мен сахур, сәһәр сөз­дерінің мағыналары бір. «Имсак» деп де а­йтылады. Имсак – ұстау, өзін бір нәрседе­н кері тарту деген сөз. Шығыс аспанында ­фәжрдің, яғни күннің алғашқы сәулелері ш­ыға бастаған сәті. Осы сәттен бастап ора­за басталады. Таң намазының уақыты кірді­ деген сөз. Ықтият ретінде біраз күткенн­ен кейін таң намазы оқылады. Зәйд бин Са­бит былай деген: «Расулулламен сәресін ­жегеннен кейін елу аят оқитындай уақыт ө­тті, кейін біз таң намазын оқыдық.»

материал «Ораза энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: