26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Сендер осы нығмет жайлы сұраласыңдар»

«Сендер осы нығмет жайлы сұраласыңдар»

Ораза

Бір күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сәске уақытынан кейін үйінен шығады. Қарны өте аш. Келе жатқан кезінде Әбу Бәкір мен Омарға (Алла разы болсын) жолығады. Екеуінің түріне қараса, бұл екеуі де тура осындай жағдайда екен.

Сөйтіп, үшеуі сол күнгі жейтін тамақтары жоқ, аш күйде болған. Үшеуіне ансарлықтардың бір ері жолығып, үшеуімен амандасқаннан кейін олар өздерінің түрін оған білдіргісі келмесе де, ансарлықтың жүрегі таза болғандықтан бұлардың жағдайын түсіне қояды. Сөйтіп, оларды өзінің үйіне қонақ қылып шақырады. Үйіндегі бар нәрсесін дастарханға қояды. Сондағы қойған нәрсесі азғантай құрма, салқын су және көлеңке. Олар сол құрмадан дәм татқаннан кейін, салқын судан ішкеннен кейін Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оларға: «Сендер осы нығмет жайлы сұраласыңдар», – дейді. Біздің қоғамда қара нан мен қара су үшін сұраламын ба деген сұрақ жиі айтылады. Бір азғантай құрма, бір ұрттам салқын су үшін адам қиямет күні сұралатын болса, арғы жағын ойлаудың өзі қорқынышты.

Бүгінгі күнгі өзіміздің ауызашар дастарханымызға қарасақ, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) уақытында сахабалардың дастарханында мұндай нәрселер болмаған. Біз сұралатын нығметтер оларға қарағанда өте көп. Сондай-ақ кейбір кезде садақа, қайырымдылық істерін тек қана молшылықтағы адамдар ғана жасау керек шығар деп өзімізді-өзіміз бөгеп қойғанбыз. Өз-өзінен есеп алу Абайша айтқанда есті адамның қылығы екен. Есеп болған жерде даму болады. Армандар, бос үміттер өтпейді қияметке. Міндетті түрде мақсат керек. Мақсат қойылған істе есеп деген нәрсе міндетті түрде болады. Кез келген саудагер өзінің саудасын әр күні, аптасына бір мәрте, айына бір мәрте, ең кем дегенде жылына бір есеп жасап отырады. Сол секілді дамытуға ең лайықты нәрсе Алла Тағаламен кездесуге бара жатқандықтан, дамытуымызға лайықты ең бірінші орында тұрған нәрсе ол жанымыз. Соны дамыту керекпіз. Оны шалқасынан жатқызып қоймау керек. Оны Алла Тағаланың жолында еңбекке салу керекпіз. Оны Алла Тағалаға бойұсындыру амалдарынан шығармау керекпіз. Қайырымдылық жасау, жақсы амал ету, намаз оқу, дұға жасау, зікір ету сияқты Алла Тағала жақсы көретін салиқалы амалдармен оны кәдімгідей тәрбиелеу керек. Міне, біз осы есепті бастаған кезде нәпсіміздің қаншалықты шалқасынан шіреніп жатқандығын байқаймыз.

материал «Рамазан – рухани тәрбие мектебі» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: