26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пітір садақасын ақшалай әлде заттай береміз бе?

Пітір садақасын ақшалай әлде заттай береміз бе?

Ораза

Сұрақ: Пiтiр садақасын ақшалай беруге болады ма әлде заттай беру мiндет пе? Бұған қатысты Ханафи мазхабында қандай шарттар бар? Себебі, кейбір «бауырларым» пітірді ақшалай беруге болмайды деген пікірді таратып жүр.

Жауап: Фақиһтардың (фиқһ мамандары) бекiтуi бойынша, ханафи мазхабында пітiр садақасын ақша түрiнде беруге рұқсат. Ханафи фиқhында пiтiр садақасын заттай бергеннен гөрi ақшалай берген абзалырақ, өйткенi ақша кедейлердiң қажетiн тiкелей өтейдi. Бұл турасында ханафи мәзхәбының фиқһы баяндалған бiрқатар еңбектерде айтылып кеткен. Мысалы, әйгiлi «әд-Дуррул-Мухтарда» былай делiнген: «…және де өлшемiн яки дирхамды (ақшаны) беру заттардың өздерiн бергеннен абзал.» («Садақатул-фитр» бөлiмi) Осыған пiкiр қалдырған ғұлама Шами «Татарханияда» әл-Мухиттан бидай, арпа, құрманың [ақшалай] өлшемiн беруге болады деп келтiрiлгенiн айтады. («Раддул-Мухтар», 2/366) «әд-Дуррул-Мухтарда» айтылғандай, пiтiр садақасын ақшасы мол және мүмкiншiлiгi бар адам үшін, [заттың құндылығын] ақшалай төлеген абзал. Алайда, ақшалай төлеу қиындық тудырса, билай, арпа, құрма т.с.с. секiлдi заттардың өздерiн берген дұрысырақ. («Садақатул-фитр» бөлiмi) Сонымен қатар, Мұсылман елiнде табиғи апат болып не тұрғындары аштықтан өлiп жатса, пiтiр садақасын тамақпен берген абзал. («Фәтәуәл-Хиндия», 1/194).

материал «Ораза энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: