25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ораза кезінде ұмытып ішіп-жеп қойсам, оразам бұзыла ма?

Ораза кезінде ұмытып ішіп-жеп қойсам, оразам бұзыла ма?

Ораза

Рамазан айындағы парыз оразасы болсын, сүннет не нәпіл оразасы болсын қандайда бір ораза ұстаған кісі ұмытып ішіп не жеп қойса оразасы бұзылмайды.

Ораза екендігі есіне түскен сәтте ішіп-жеуін бірден тоқтатуы керек. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ауызы берік адам ұмытып ішіп-жесе, оразасын бұзбай толықтырсын. Өйткені оған жегізген де, ішкізген де – Алла» – деген.  

Ал егер оразам бұзылды деген оймен, білместікпен ішіп-жеуін ары қарай жалғастырса, Рамазан айынан соң сол күннің қазасын ұстап береді.

дереккөз: fatua.kz

Бөлісу: