25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Тарауық намазының таспихын қалай оқимыз?

Тарауық намазының таспихын қалай оқимыз?

Ораза

Оқылуы:

«Субханә зил-мулки уәл-мәләкут. Субханә зил-ъиззәти уәл-азомәти уәл қудроти уәл кибриә-и уәл жәбәрут. Субханәл мәликил хайил-ләзи лә йәмут. Суббухун қуддусун роббунә уә роббул мәлә-икәти уәррух. Лә иләһә иллаллаһу нәстағфируллаһ нәс-әлукәл жәннәтә уә нәъузу бика минән-нәр».

Мағынасы: «Патшалық және мүліктер иесі Алла кемшілік атауынан пәк. Үстемдік, ұлылық, құдірет және өктемдік иесі Алла кемшілік атауынан пәк. Өлмейтін (мәңгі) тірі, патша болған Алла пәк. Мінсіз Раббымыз, әрі періштелердің Раббысы, әрі Жәбірейілдің Раббысы! Алладан басқа тәңір жоқ, Алладан кешірім сұраймыз. Уа, Алла Тағалам, Өзіңнен жәннатты сұрап, тозақ отына қарсы Өзіңнен пана іздейміз».

Тарауих таспихының басқа да мәтіндері бар ма?


Оқылуы: «Субханәл ханнанил мәннән. Субханәл мәликид-дәйяән. Әл-маъруфу бил ихсән. Уәл маусуфу бил ғуфран. Әл-уадаъ, әл-уадаъ. Иә шәһра рамадан. Әл-фирақ, әл-фирақ. Иә шәһрат-тарауихи уа-тәсәбихи уа хатмил қур -ан. Һәзә шәһрун әуалуһу рахма, уә әусатуһу мағфира, уә әһируһу ъитқум-минан ниран. Лә иләһә иллаллаһу нәстағфируллаһ, нәс-әлукал жәннәтә уә нәъузу бика минан-нәр».

Мағынасы: «Мейірбан, мол ризық беруші Алла мінсіз. Амалдардың қарымын беруші Патша болған Алла мінсіз. Құлдарына жақсылығын аямайтын, кешірімі мол Алла! Қош бол, қош бол, уа, рамазан айы! Сен бізден тағы да алыстайсың, алыстайсың. Уа, тарауихтер, таспихтер мен Құран хатым айы. Бұл айдың басы мейірім, ортасы кешірім әрі соңы тозақ отынан азат болу. Алладан басқа тәңір жоқ, Алладан кешірім сұраймыз. Уа, Алла Тағалам, өзіңнен жәннатты сұрап, тозақ отына қарсы өзіңнен пана іздейміз».

материал «Оразаға қатысты 200 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz



Бөлісу: