25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ораза ұстай алмайтындардың жағдайы

Ораза ұстай алмайтындардың жағдайы

Ораза

Ораза ұстауға шамасы келмеген жандарға фидия беру – уәжіп.

Бұлар ауруларының айығуы үміт етілмеген жандар мен ораза ұстауға шамасы жетпеген қарт кісілер. Олар оразаның орнына әрбір күні үшін бір кедейді тамақтандырады. Фидияны ақшалай беруге де болады. Бір кедейді отыз күн таңда және кешке тамақтандыру немесеалпыс кедейді бір күн таңертең яки кешке тамақтандыру жеткілікті. Құранда Алла Тағала «Ораза ұстауға шамасы келмейтіндер бір жарлының тамағын төлесін», – дейді.

Ибн Аббас бұл аят жайлы былай дейді: «Аят – кәрі адамдар үшін түскен. Оразаны өтеу – парыз». Дегенмен кейбір қариялар жоқ-жітікті тамақтандыруға шамасы келмесе, Алладан кешірім тілейді. «Алла адамға көтере алмайтын жүкті бермейді».

Сол секілді жазылмайтын науқасқа да фидияның уәжіп болғаны жайлы Ислам фақиһтері арасында ауызбірлік бар. Мұндай адамға ораза ұстау парыз емес.

Оған мына аят дәлел: «Алла сендерге дінде қиыншылық жасаған емес».

материал «Ислам ғылымхалы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: