26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ішімдік ішіп қойып едім, Рамазанда ораза ұстауға бола ма?

Ішімдік ішіп қойып едім, Рамазанда ораза ұстауға бола ма?

Ораза

Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Араққұмар – пейішке кірмейді» - деген (Ибн Мәжә - №3376 хадис).

Ішімдік ішу – ауыр күнәнің бірі. Мейлі аз ішсін, мейлі көп ішсін, бәрібір, ішкен адам ауыр күнә жасаған болып саналады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) «көп ішкенде мас ететіннің, азы да харам» - деген.   

Әйтсе де, Жаратушы Иеміз тәубе еткен пендесіне кешірім жасайтындығын естен шығармау керек. Сондықтан да, бұдан былай шайтан суға мойын бұрмауға белді бекем буып, Аллаға тәубе етуіңіз ләзім.

Ораза ұстауға келер болсақ, ораза ұстау әрбір балиғат жасына толған мұсылманға парыз. Арақ іштіңіз екен деп, ораза ұстаудан босатылмайсыз. Қайта күнәңізға тәубе етіп, ораза ұстаған дұрыс.  Онымен қоса, намазға да бастаңыз. Намаз - адамды әртүрлі жаман істерден тыйяды.

материал «Заман тудырған сұрақтар, ІІ том» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: