26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Темекі шегетін кісі ораза ұстай ала ма?

Темекі шегетін кісі ораза ұстай ала ма?

Ораза

Темекі шегіп жүрген кісіге «ораза ұстама» деп айта алмаймыз.

Алайда, аузы берік бола тұра темекі тартқан кісінің оразасы бұзылады[1]. Ол кісі Рамазан айын темекі тастауға тамаша мүмкіндік деп біліп, бұл әдетінен арылуға тырысуы керек. Осы тұрғыда кей қандастарымыз «темекі қанымызға сіңіп кетті, оны тастай алмаймыз» дегенді алға тартып жатады. Бірақ шын ниет етіп, шылымға жоламауға бел буған адам оңай тастап кететіні күмәнсіз. Өйткені, Алла Тағала Құранда «Шынында бір қауым өзін өзгертпейінше Алла оларды өзгертпейді...»[2] – дейді. Яғни, біз бойымыздағы жаман әдеттерден арылуға ұмтылмасақ, оның өз-өзінен кетуі екіталай. Ендеше, темекі тартуды әдетке айналдырған кісілер осы Рамазанда тақуалыққа бет бұрып, темекіні тастауға ықылас білдірсе, тастау оп-оңай. Себебі, «Кім Алладан қорқып сақтанса, оған шығар бір жол пайда болады»[3].

[1] Хашияту Ибни Ғабидин, Китабус Сиям.
[2] Рағд сүресі, 11 - аят.
[3] Талақ сүресі, 2-аят

 

материал «Заман тудырған сұрақтар, ІІ том» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: