26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Дәрет алып жатқанда тамақтан су кетіп қалса, ораза бұзыла ма?

Ораза екендігін біле тұра тамағынан немесе мұрын қуысынан байқаусызда болса да су кірсе, оразасы бұзылады.

Қазасын өтеуі міндет. Алайда, «ақыры оразам бұзылды ғой» деп ішіп-жеуіне болмайды.

материал «Оразаға қатысты 200 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz

Фидия төлеуге кімдер міндеттеледі?

Рамазан оразасын ұстауға қауқары жетпейтін қарт немесе созылмалы ауруы бар науқас бір міскіннің қарнын әр күнге екі мезгіл тойдыру арқылы фидия төлемін өтейді.

Тарауық намазын оқи алмасақ, оның қазасын өтеу қажет пе?

Ақшамнан кейін хайыз немесе нифастан тазарған мұсылман әйелге немесе Ислам дініне кірген адамға сол кеште тарауық намазын оқу – бекітілген сүннет.