26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бақилық туысымның орнына ораза ұстасам бола ма?

Бақилық туысымның орнына ораза ұстасам бола ма?

Ораза

Қайтыс болған кісінің орнына ораза ұстауға болмайды. Ұстаған оразаңыз мархұмның тірі кезінде ұстамай кеткен оразасының орнын толтырмайды.

Алайда, әр бір күні үшін пидия беріп тұруыңызға еріктісіз (егер, өлер алдында олай істеуді өсиет етіп кетпеген болса) [1]. Пидияның мөлшері - пітір садақаның мөлшеріне саяды[2]. Осыған сай тірі кезінде себепсіз ұстамаған күндеріне орай есептеп, шыққан соманы мархұмның атынан қаза оразаларының пидиясы ретінде бір мұқтаж адамға берсеңіз болады.  

Бұл жайында ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген:

«Ешкім ешкімнің орнына намаз оқымайды. Ешкім ешкімнің орнына ораза ұстамайды. Алайда, әр күні үшін оның атынан бір мүдд (шамамен 1 кг) бидай жегізсін».  Нәсәи: Сүнәнуль Кубра.

Басқа бір хадисінде былай делінген:

«Әлдекім қайтыс болып, (мойнында ұстамаған) бір айлық оразасы қалса, әр күннің орнына оның атынан (жақындары) бір міскінді тамақтандырсын»  Тирмизи: Сүнән - №718 хадис. 

Бұған шамаңыз жетпесе, «мархумға да тие берсін» деген ниетпен ұстаған оразаңыздың сауабын бағыштап отыруға да болады. Бұныңыз қаза оразасының орнын баспағанымен сауабы барады. Ханафи мәзхабында бұған рұқсат.

[1] Әл-Кәсәни: Бәдәиъу – 2/628 бет; Имам Сәрәхси: әл-Мәбсут.
[2] Әл-Кәсәни: Бәдәиъу – 2/616 бет. 

материал «Заман тудырған сұрақтар, І том» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: