26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жұмысы ауыр кісіге ораза ұстамауға бола ма?

Жұмысы ауыр кісіге ораза ұстамауға бола ма?

Ораза

Ауыр жұмыс істейтіндер ораза ұстамаса бола ма? Мысалы, рамазан айы жаздың ыстығына дөп келсе, күннің астында жұмыс істейтін кісілердің ораза ұстамауына бола ма?

Көпшілік ғалымдардың пікірі бойынша ауыр жұмыста істейтіндер егер жұмыс істеу барысында қатты қиналып, денсаулығына зиян келіп жатса, аузын ашуға рұқсат. Бірақ кейін сол күннің қазасын өтейді. Алла Тағала Құранда: «Өздеріңді өздерің өлтірмеңдер! Алла Тағала сендерге тым мейірімді» («Бақара» сүресі, 195-аят) деген.

Дегенмен, ауыр жұмыс істейтін жандар мүмкіндік болса, жылдық демалысын ораза кезінде пайдаланып, мейлінше мол сауаптан құр қалмаудың әрекетін жасауға ұмтылғаны абзал.

 

материал «Рамазан айы және әйелдерге тән мәселелер»  кітабынан алынды,

ummet.kz



Бөлісу: