26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Намаз сүннетінің әдептері

Намаз сүннетінің әдептері

Намаз

Әдеп – Хазіреті Пайғамбарымыздың (с.а.у.) кейде істеп,  кейде  істемеген  нәрселері.  Ханафилар  бұны «мәндүп» немесе «мұстахап» деп атайды. Тәрк етуші айыпталмайды. Жасаса, абзал.

Намаздың әдебі:

  1. Намаз кезінде сыртқы және ішкі көңіл жайланып, кішіпейілділікпен тұру.
  1. Киіміне мән беру. Мысалы, түймелері ағытылмай қатардағы сарбаздай сәнді тұру.
  1. Қаматта «Хаййа алал-фәлах» деген сәтте имам мен жамағаттың намаз үшін тұрулары.
  1. «Қад қаматис-салаһ» (намаз басталды) деген кезде имамның намазға бастауы. Қамат айтылып жатқан кезде мешітке кірген адам дереу отырып, жамағатпен бірге тұрады.
  1. Ерлер ифтитах (бастау) тәкбірін алған кезде, қолдарын жеңдерінің сыртына шығару.
  1. Намазда мүмкіндігінше жөтелмеуге, кекірмеуге, есінемеуге тырысу және есіней қалса, аузын сол қолының сыртымен басу яки астыңғы ернін тістесе де ауызды ашпауға тырысу.
  1. Жеке намаз  оқыған  кезде  рүкүғ  пен  сәжде тәсбихтарын үштен артық оқу[1].

(материал «Ислам ғылымхалы» кітабынан алынды).

 __________________

[1] ДИА. 255-226

Бөлісу: