25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

2.2 Уәжіп намаздар мен рәка’ат сандары

Намаз

Уәжіп намаздар құлдың ісіне тәуелді емес (ли айниһи уәжиб) және құлдың ісіне тәуелді (ли ғайриһи уәжиб) деп, екі түрден тұрады. Құптаннан кейін оқылатын үтір және Рамазан айт пен Құрбан айт намаздары бірінші санатқа жатады.

Тиләуәт сәждесі намаз болмағанымен, осы санатқа жатады. Кейбір ханафи мүжтәһидтері уәжіп деп есептеген Хусуф намазы да (күн тұтылғанда оқылатын намаз) осы санатқа жатады. Бұл санаттағы уәжіп намаздар құлдың ісінен туындамаған уәжіп намаздар болып табылады.

Нәзір намазы, сәһу сәждесі мен бұзылған нәпіл намаздардың қазасы екінші топқа жатады. Нәзір намазы негізінде адам міндетті болмағанымен, бір іс не жағдай себебінен атаған намазы болып табылады. Сондықтан адам жауапты емес іске өзін жауапты еткендігі үшін сол намазды оқуы уәжіп болып табылады.

Үтір намазы үш рәка’аттан тұрады. Айт намаздары екі рәка’аттан тұрады.                                                                                                                                                    «Дәлел-дәйектерімен Ислам ғылымхалы» кітабы


2.1  Парыз намаздар мен рәка’ат сандары    Намаз   2.3  Нәпіл намаздар


Бөлісу: