25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

2.1 Парыз намаздар мен рәка’ат сандары

Намаз

Бұл намаз түрі де айни парыз бен кифәя парыз болып, екіге бөлінеді.

Айни парыз – ақыл-есі дұрыс және балиғат жасқа толған әрбір мұсылманның күніне бес рет белгілі уақытта, саны белгілі рәка’аттармен оқылатын намаздар мен жұма намазы.

-         Таң намазының екі рәка’ат сүннеті, екі рәка’ат парызы бар.

-         Бесін намазының төрт рәка’ат сүннеті, төрт рәка’ат парызы, екі рәка’ат соңғы сүннеті бар.

-         Екінті намазының төрт рәка’ат сүннеті, төрт рәка’ат парызы бар.

-         Ақшам намазының үш рәка’ат парызы, екі рәка’ат сүннеті бар.

-         Құптан намазының төрт рәка’ат алғашқы сүннеті, төрт рәка’ат парызы, екі рәка’ат соңғы сүннеті бар.

-         Жұма намазының төрт рәка’ат алғашқы сүннеті, екі рәка’аты парызы, төрт рәка’ат соңғы сүннеті бар. 

                                                         «Дәлел-дәйектерімен Ислам ғылымхалы» кітабы


1.3  Намазды тәрк етудің үкімі    Намаз   2.2  Уәжіп намаздар мен рәка’ат сандары


Бөлісу: