25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Намазды тоқтатуға болатын жағдайлар

Намазды тоқтатуға болатын жағдайлар

Намаз

Намаз Алланың алдындағы құлшылық болғандықтан, оны кез келген іс үшін бөлуге, тоқтатуға болмайды. Шариғат бойынша, бір залалды жою не оның алдын алу үшін ғана намазды тоқтауға рұқсат беріледі.

Намаз сол сәттегі зәрулікке қарай не сәлем беріліп, не сәлем берілмей тоқтатылады. Шариғат бойынша, намаз оқуды доғаруға рұқсат берілген жағдайлар:

1. Намазды міндетті түрде (уәжіп) доғару керек болатын жағдайлар:

– үлкен не сәби екендігіне қарамастан, «құтқарыңдар» деп айқайлап жатқан адамға көмекке ұмтылу;
– өртті сөндіру;
– үлкен не сәбиге төніп тұрған қауіптің алдын алу.

2. Намазды доғаруға болатын жағдайлар:

– ұрлықты өзінің заты болмаса да тоқтату үшін;
– анасының сәбиі үшін қорқуы немесе тамақтың тасып, төгіліп не күйіп кетуінен күдіктенуі;
– қыстап тұрған дәретті сындыру үшін;
– жылан, кесіртке секілді залалын тигізетін хайуандар мен жәндіктерді өлтіру қажет болса;
– ата-анасының бірі оның намаз оқып тұрғанын білместен шақырған жағдайда, оқып тұрған намазы нәпіл болса, намазын тоқтатып, ата-анасына жауап беруі керек. Ал парыз намаздарын ата-анасы шақырғанда да тоқтатуға болмайды.

материал «Фиқһ әл ғибадат» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: