25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Намаз оқыған адамның барлық іс-əрекеті – құлшылық

Намаз оқыған адамның барлық іс-əрекеті – құлшылық

Намаз

Егер намазбен дос болсаңыз, тұтас өміріңіз құлшылықпен өрнектеледі. Себебі намаз – ең жүйелі əрі жалғасымды түрде жасалатын жалғыз ғибадат. Бұдан асқан керемет дүние бар ма?

Раббымыз бізге сансыз нығметтер ұсынған, сол нығметтерге қарымта ретінде бізге берілген қысқа өмірде қаншама құлшылық жасап зікір, шүкір айтсақ та жеткіліксіз болатыны айдан анық. Ең қызығы, қысқа өмірде жасаған азды-көпті ғибадатымызбен мəңгілік жəннатқа қол жеткізу мүмкіндігі бар. Міне, сондықтан біздің істеген аз ғана амалымыз Алланың берген сансыз нығметіне шүкір етуімізге жəне бізді жəннатқа кіргізуіне себеп, қарымта бола алмайтындықтан, Алла Тағала бізге үлкен мүмкіндік ұсынып намазды парыз етті. Сол көркем түрде өтелген намазбен бірге жасалған күнделікті істейтін қарапайым істеріміз ғибадатқа айналатынын білдіруде.

Əрине, өміріңіздің барлық қырын құлшылықпен өткізуге күш-жігеріңіз жетпеуі мүмкін, əйтсе де Алла Тағала өміріңіз толықтай ғибадатпен өткендей сауапты болу үшін сізге мына үш шартты ұсынады:

1. Намазды ешқашан тастамай, оған ықтиятты болу.

2. Шариғат бойынша сауапты да емес, күнəлі де емес, əдеттегі рұқсат амалдарды (мүбах) жасау.

3. Ең маңыздысы, сол мүбах істерді ғибадат ниетімен жасау. Мысал келтірер болсақ, бес уақыт намаз өтейтін адам өмірінде күнделікті жасайтын жату, тұру, күлу, жүру, сөйлеу, ризық жолында күш жұмсау тəрізді іс-əрекеттер хадисте айтылған амалдарға сай жасалса, толық түрде өтелген намазбен бірге
құлшылық болып жазылады.

Намазыңызды жақсылап өтеп, аз ұйықтап, сол ұйқы Алладан берілген нығмет екенін сезініп, ұйықтар алдында жəне оянғанда арнайы дұғаларды оқысаңыз, тіпті сіздің ұйқыңыздың өзі үлкен құлшылық болады... Осы жағынан алып қарағанда, намаз – ғибадаттардың теңдессіз қазынасы екеніне көзіңіз жетеді...

материал «Таң намазына тұрғың келсе» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: