25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Намаз оқығаннан кейін тәсбих тартпай шығып кету күнә ма?

Намаз оқығаннан кейін тәсбих тартпай шығып кету күнә ма?

Намаз

Намаз оқығаннан кейін тәсбих тарту шарт емес, жұмысы болғандар шығып жұмысына бара алады. Тәсбихты жолда да тартса болады. Бірақ маңызды және асығыс жұмысы болмағандарға міндетті түрде тәсбих тарту керек. Өйткені намаздардан кейін тәсбих тартудың құндылығы өте көп.

Имам Раббани хазреттері былай деген: Намаз оқитын адам Раббымен сөйлесуде, Оған жалбарынуда және Оның ұлылығы мен Одан басқа барлық нәрсенің түк емес екенін көруде. Сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Парыз намаздан кейін 33 тәсбих , 33 тахмид, 33 тәкбір  және бір тәһлил» айтуды әмір еткен. Бұның себебі, намаздағы кемшіліктер тәсбихпен жабылады. Осылайша өзінің лайықты түрде ғибадат ете алмағандығы білдіріледі. Тахмидпен намаз оқумен мәртебеленудің Оның жәрдемі және жеткізуімен екені білініп, осы үлкен ниғметке хамд етіледі. Тәкбір айтып Одан басқа ғибадатқа лайық ешкім жоқ екені білдіріледі.

материал «Намаздан кейінгі дұғалар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: