25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Үтір уәжіп намазында қандай сүрелер оқыған жақсы?

Үтір уәжіп намазында қандай сүрелер оқыған жақсы?

Намаз

Үтір уәжіп намазында мына сүрелерді оқу мұстахаб саналады:

1) Бірінші рәкәғатында «Фәтихадан» кейін «әл-Аълә» сүресін оқу.

2) Екінші рәкәғатында «Фәтихадан» кейін «әл-Кәфирун» сүресін оқу.

3) Үшінші рәкәғатында «Фәтихадан» кейін «Ықылас» сүресін оқу.

Бұған дәлел, сахаба Абдулла ибн Аббастан жеткен риуаятта былай делінген: «Шынында Алла расулі (с.а.у.) үтір намазын оқығанда: «Сәббихисмә раббикәл Аъләны», «Құл йә әйюһәл кәфирунды» және «Құл һуалланы» оқитын»1.

Дегенменде, аталмыш сүрелерді оқу шартты түрде емес, мұстахаб, сондықтан да, намаз оқушы кісі кез келген білетін сүресін оқи алады.

 

1  Ибн Мәжә, "Сүнән". №1171-хадис.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: