25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Ешкімге зияным жоқ, бірақ намаз оқымаймын...»

«Ешкімге зияным жоқ, бірақ намаз оқымаймын...»

Намаз

Намаз оқымайтын Кәрім есімді мұсылман намаз оқитын Жәлелге келіп сұрапты:

– Жәлил, сен маған айтшы, мәселен, мен намаз оқымаймын, бірақ өзгелерге жақсылық көп жасаймын, ішпеймін, шекпеймін, ұрлық жасамаймын, жағдайым келгенше жақсылық жасауға әрекет етемін. Ал кейбір мұсылмандар намаз оқығанымен жақсылық жасаудан жұрдай, мінезі шатақ болады. Ендеше мен неге ондай адамдардан жаман болуым керек, - дейді. Жәлел ақырын ойланып мәселені ақылмен тыңдауын өтініп былай дейді:

– Әлдебір бала дүниеге келген уақытта оның ата-анасы дәулетті болады. Ол есейіп жетілгенше барлық жақсылыққа кенеліп өседі. Ата-анасы күтпеген жерден сыйлықтар жасап, барынша қамқор болады. Ол есейіп жетілгеннен кейін ата-анасы одан өздеріне келіп, жағдай сұрасып тұруын сұрайды. Алайда ол ешкімге жамандық жасамайтынын айтып, ата-анасына мүлде бармайды. Енді ойланшы, бұл адам жақсы адамдар қатарына жата ма?

Кәрім:

– Жоқ әрине.

Жәлел:

– Алла Тағала бізге ата-ана берді, денімізге саулық, басымызға баспана берді. Бұдан бөлек өзге ризық-несібемізді айтпағанда, дене-мүшемізді мүгедек етпей ешбір кемшіліксіз жаратты. Енді айтшы, осының барлығын біздерге сұрамай-ақ, ақысыз тегін берілді. Бұдан кейін Жаратқанның қадірін ойламай, оған ризашылығын білдіріп, 24 сағаттың ішінде 1 сағатын намазға бөле алмаған адам жақсы адам болып санала ма? - деп Кәрімді ұялтып қойған екен. 

материал «Ғибратты оқиғалар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: