25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Хадисте айтылған намаздың аманаттары

Хадисте айтылған намаздың аманаттары

Намаз

Хадисте айтылған намаздың аманаттары:

1. Намаз оқыр алдында дәретті асықпай, тиянақты алу;

2. Бес уақыттағы намазды уақытында оқу;

3. ­Қиям, рукуғ, сәжделерді асықпай, намазда беріліп оқу.

Егер бір кісі намазын жылдам, тез бітіріп оқыса, намаз аманатына қиянат жасаған болады.

«Пайғамбарымыз намаз оқыған сәтте Алла Тағаламен тіл табысып, Алла Тағалаға шерін тарқатып тұрғандай көрінетін. Намаздың рахатына бөленіп оқығаны сонша, солқылдап жылаған дауысын еститін едік», – дейді сахабаларыны бірі.

Егер сіздерден біріңіз намаз оқығанда дәреті дұрыс болмаса, сонымен қатар уақытынан кешіктіріп оқыса, намаз аманатына қиянат жасаған болады. Мұсылман дәретін таза алып, ғибадатын сабырмен орындаса, өзін Алла Тағаланың алдында тілдесіп тұрғандай сезініп, беріліп оқыса, намаздың рахатын алады.

Егер намазды жылдам, әйтеуір оқып шығу мақсатымен оқысаңыз, намаздың ешқандай рахатын сезбейсіз, сауабынан да құр қаласыз.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) көз жұмар алдында, қоштасу (соңғы) қажылығында: «Алла Тағаладан қорқыңдар! Бес уақыт намаздарыңды оқыңдар, Рамазанның оразасын ұстаңдар, малдарыңнан зекет беріп, басшыларыңа мойынсұныңдар. Сонда Раббыларыңның жәннатына кіресіңдер», – деп уағыз айтқанын естідім» (имам Тирмизи).

Ибн Масғуд (р.а.): «Мен Алланың елшісінен (с.ғ.с.): «Амалдың қайсысы жақсы?» – деп сұрадым. Ол: «Уақытында оқылған намаз», – деді. Мен: «Одан кейін қайсысы?» – деп сұрадым. Ол: «Ата-анаға жақсылық жасау», – деді...» – деген риуаятты келтіреді (имам Бухари, Муслим).

материал «Мұсылман сипаты» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: