25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қаза намазы бар адам сүннеттерді оқымау керек пе?

Қаза намазы бар адам сүннеттерді оқымау керек пе?

Намаз

Кісінің қаза намаздары нәпіл намаз, сүннет намаздарды оқуына кедергі емес[1].

Әрине қаза намазды кешеуілдетпей, ертерек өтеп алғаныңыз дұрыс. Десе де, духа, әууәбин сыңды хадистерде келген нәпіл намаздарды да оқудың еш бір айыбы жоқ. Және олардан сауап аласыз.

Бұл жайында Ханафи ғалымдары былай деген: 

  • «Нәпіл намаздарынан бұрын қаза намаздарын өтеп алған абзал әрі маңыздырақ. Дегенмен, қазасы бола тұра парыз намаздарында оқылатын сүннеттер, духа, тәспих, екінтінің алдындағы төрт ракағат нәпіл, ақшамнан кейін оқылатын алты ракағат нәпіл сияқты хадистерде айтылған намаздарды оқуына да болады»[2]

[1] Әл-Фәтәуә Әл-Исләмия мин Дәриль Ифта – 1/64 бет.
[2] Ибн Ғабидин, Раддуль Мухтар – 2/536 бет.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: