25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Күн суықта қолғап киіп намаз оқуға бола ма?

Күн суықта қолғап киіп намаз оқуға бола ма?

Намаз

«Сахих Бұхари» кітабының «Қатты ыстықта киімге сәжде ету» атты тарауында сахаба көрген табиғин Хасан әл-Басридің мынадай бір риуаяты келтіріледі.

Онда былай делінген: «Жұрттар (яғни, сахабалар) қолдарын жеңдеріне салып алған күйі сәлдеге және қаләнсуәға (бас киімнің бір түр) сәжде ететін»[1].

Осы риуаяттың басқа бір нұсқасында: «Пайғамбарымыздың сахабалары қолдары киімдеріне салулы күйі сәжде жасайтын еді. Және олардың кейбірі сәлдесіне сәжде жасайтын», - делінеді[2].

Аталмыш риуаттардан байқағанымыздай, күннің ыстықтығы себепті сахабалар сәждеге барғанда қолдары күймес үшін қолдарын жеңдеріне кіргізіп алатын болған екен. Бұл дегеніміз, күн аязды кездерде намазды далада оқыған кісілердің қолғаптарын шешпей оқи берулеріне болады деген сөз.

Әйтсе де, еш себепсіз (күн жылы кезде, не мешіт ішінде т.б.) қолғап киіп оқудың мәкруһ болатындығын да ескерген жөн.

 

[1] Сахих Бұхари - №378 хадис.
[2] Ибн Әби Шәйбә: әл-Мусаннаф. 

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: