26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Таң намазын қаза қылып алмауға керемет лайфхак

Таң намазын қаза қылып алмауға керемет лайфхак

Намаз

Сіз бен біз ақылды адамдар санатынан болғымыз келетіні анық. Намазды қаза қылып алған сайын себептеріне тоқталып, сабақ алып, қателіктерді қайталаудан аулақ болуға тырысамыз.

Намазын сирек қаза қылатын адамдармен әңгімелескенде олардың «менің жасаған ақымақтықтарым» методын автоматты түрде қолданатынын байқадым. Өйткені оларда тәжірибелер нәтижесінде қалыптасқан әдеттер бар екен. Мысалы, олар үйлерінен шықпас бұрын дәрет алады, егер сыртта жүргенде намаз уақыты кіре қалса намаз оқу болады. Сонымен қатар дәретпен жүрген адам оңайлықпен азғырылмайды. Ал азғырушы шайтан шұлығымызды шешіп, дәрет алатын кезде бейне бір шұлықты емес, азу тісімізді жұлып жатқандай сезіндіреді не болмаса шалбарымыз су болып, сәні қашып тұрғандай сезіндіреді. Тіпті мешітте аяқкиіміміз ұрланып немесе қымбат затымызды ұмытып бара жатқанымызды елестетеді.

Дәрет алмақ болып жатқанда сыбырлаушылар бізге жүздеген сценарийді елестетеді. Сөйтіп намазды үйге келгенде оқуды ұйғарамыз, ал үйге келгенде намаз уақыты өтіп кетеді. Үйге уақытында келсек те намаз оқу сырттағыдан да ауыр болып, сол бойы қаза болып қала береді.

Сондықтан намаз уақыты кірместен намазға дайын болыңыз. Намазды үзбей оқитындар айтып кеткеніміздей, азан шақырылғанын естіген бойда намаз оқиды, намаз уақытының ең алғашқы минутынан бастап, олар бөгет болатын кедергіге жол бермейді. Олар намаз уақыты шегерілген сайын намаз оқу ауырлай түсетінін біледі.

Осыған байланысты психологияда өте маңызды (Five Seconds Rule/Бес Секунд ережесі) деп аталатын әдіс бар. Бұл қағида адамға күнделікті кішігірім шешімдерді қабылдау үшін 5 секунд жететінін айтады.

Мысалы, таңертең оятқыштың дауысын естіген кезде 5 секунд ішінде ояну үшін денеңді қозғалтпасаң, ояна алмайсың. Ақылың да сол секілді принциппен жүреді. Диетаңды бұзбай ұстайсың ба, әлде алдыңда тұрған тоқашты жей саласың ба? - деген сұраққа жауап беру үшін тек 5 секунд беріледі.

Бұл қағида намазға да қатысты, егер азан айта салысымен 5 секунд ішінде дәрет алуға немесе мешітке баруға әрекет етпесең, онда шайтан мен сенің араңда намаз оқып-оқымау жөнінде шайқас басталады.

Маған таң намазын қаза қылып алмауға өте қатты септігін тигізген нәрсенің бірі – ауа райы қандай болса да мұздай сумен шомылу, жоқ дегенде басты ғана жуу. Салқын суға шомылу - қан айналымын күшейтіп, адамды сергек қылады. Таңыңды ұйқылы-ояу қарсы алма!

Мұнымен қоса намазын үзбей оқитындардың кейбірі тамақты намаздан кейін, ал кейбірінің намаздан бұрын ішетінін байқадым. Намаздан кейін ішуге әдеттенгендерге, тамақтан кейін намаз оқу ауыр болып тұрады. Ал намазды тамақтан кейін оқитындарға намазды аш қарынға оқу ауыр екен. Олар тамақтанып алып, күш жинап намаз оқығанды ұнатады.

Өзіңнің қай топқа жататыныңды байқап көр. Өзіңді намаздан алшақтататын қателіктерді анықтап, олардан сабақ алып, қайталамауға тырыс!

материал «Мүмкіндік» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: